Басты бет » Жаңалықтар (страница 58)

Жаңалықтар

СТИЛИСТ: Киімді дене бітімі мен келбетке сәйкес таңдаған дұрыс

Қыз-келіншектер әрдайым жарасымды киіну үшін ең алдымен дене бітімі мен түр-келбетінің қандай типке жататынын білу өте маңызды. Сол арқылы өзіңізге ең әдемі, жарасымды көрінетін киімдерді дұрыс таңдай аласыз. Осы тақырыпқа байланысты 300-ден астам қыздың стилін табуына көмектескен білікті стилист Айжібек Бекболатқызының кеңесіне жүгіндік. – Айжібек ханым, әдемі әрі жарасымды болып тұратын киімдерді бойымыз бен салмағымызға сәйкестендіріп қалай дұрыс таңдауға болады? ...

Толығырақ »

Дәулет Мұқаев: Трендтен қалмайын деген ой – әбестік

Депутат Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында маркетингтің құрбанына айналған адамдарға қатысты пікір білдірді. «Көрсеқызар халықпыз… Немесе маркетинг құрбанымыз! «Дубай шоколады» деген шығып еді, енді «кәріс жүзімі» (Шэйн мускат дей ме) деген шықты. Инстаға кіріп қалсаң болды, шырт-пырт деп жеп отырғандар қатары көбейді. Соны жалпақ жұртқа жарияламай-ақ жеуге болады ғой… Кішкентай Дубай шоколадының бағасы 15-20 мың теңге болып еді, енді мына ...

Толығырақ »

Асық атудан әлем кубогі: Астаналық екі спортшы алтын медальға ие болды

Түркияның астанасы Анкара қаласында өткен асық атудан ересектер арасындағы әлем кубогіне 10 елдің 60-қа жуық спортшысы қатысып, қазақстандық спортшылар топ жарды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын қорғаған алты спортшының бесеуі алтын, біреуі күміс жүлдеге ие болды. Соның ішінде екі астаналық спортшы Аружан Сүйментай (Бірінші сақа) және Балмира Бекбосынова (Екінші сақа) алтыннан алқа тақты. Жалпыкомандалық есепте отандастарымыз ...

Толығырақ »

Ерке Есмахан: «Екі туған күнді де тойламаймыз»

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында өзі мен ұлының туған күнін тойламайтынын жазды, деп хабарлайды Jastar janary.«Қарашаның 23-і – Исламның туған күні. Ал 30-ы – менің туған күнім. Екі туған күнді де тойламаймыз. Өзіміз үйде боламыз. Бәрін қосып үлкен той жазда деп отырмыз. Алла бұйыртса. Туған күндер, қоныс той, тұсаукесер, сүндет той, бәрі жазда. Бұйыртса той года болады. Туған күнімді ...

Толығырақ »

«Қазақконцерт» әртістері халықаралық би байқауында топ жарды

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы «Гүлдер» ансамблінің өнерпаздары Грузияда өткен халықаралық хореографиялық фестиваль-байқауына қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Хореограф Джордж Баланчинге арналған бұл байқау 8-10 қараша аралығында Кутаисиде өтті. Оған Қазақстан, Латвия, Грузия, Эстония балет мектептерінің өкілдері қатысты. Беделді өнер додасында «Гүлдер» ансамблінің бірқатар талантты әртістері бақ сынап, «Халық биі» және ...

Толығырақ »

«Бауырына салу» фильмі Франция фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды

«Бауырына салу» фильмі Франциядағы Cinema Heritage фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабардады. Әлемдік кинематографиялық мұраны сақтауға және насихаттауға арналған бұл беделді фестивальде терең мәдени контекст бар. Іс-шара ұлттық кинематографияның дамуына елеулі үлес қосып, халықаралық аудиторияның назарын аударды. Ұйымдастырушылар кинотуындыны жоғары бағалап, фильмді ЮНЕСКО-дағы басым бағыт саналатын мәдени әралуандықты насихаттауда мәні зор туынды ...

Толығырақ »

«Қалам мен қиял» байқауына 5 елден жас қандастарымыз қатысты

«Қалам мен қиял» балаларға арналған авторлық әдеби туындылар байқауы да өз мәресіне жетті. «Отандастар қоры» ұйымдастырған байқауға Қытай Халық Республикасы, Моңғолия, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен 52 қазақ диаспорасының балалары қатысты. Қатысушылардың жұмыстарын әділ бағалау үшін Моңғолия және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы Сұраған Рахметұлы, сондай-ақ Отандастар қорының қызметкерлері қатысты. Көптің ішінен оза шауып, білімі мен біліктілігін дәлелдеген жеңімпаздарды ...

Толығырақ »

Алматыда «Almaty Student’s Week» фестивалі өтуде

Алматыда 17 қараша Халықаралық студенттер күніне арналған ауқымды «Almaty Student’s Week» фестивалі бастау алды,  деп хабарлайды Jastar janary.  Алматы әкімдігінің мәліметінше, іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен өтуде, оның басты мақсаты – студенттердің қала өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз етіп, жас көшбасшыларды анықтау. 11-17 қараша аралығында фестиваль аясында студенттерге арналған 30-ға жуық әртүрлі іс-шаралар өтеді. «Almaty Student’s Week» фестиваліне қатысатын ...

Толығырақ »

«Үздік-2024»: Астанада 25 жұмысшы мамандық арасында көшбасшылар анықталды

Астанадағы Мағжан Жұмабаев атындағы Халықаралық жоғары колледжінде «Үздік-2024» қалалық байқауының салтанатты жабылуы өтті, деп хабарлайды Jastar janary елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. «Үздік» атағы үшін биыл 375 қатысушы бақ сынап, көшбасшыларды анықтау үшін 150-ден аса сарапшы жұмыс жүргізді. Сайыс жұмысшы мамандықтар мен кәсіптерінің маңыздылығы мен беделін арттыру, кәсіптік оқытудың озық тәжірибесін насихаттау, жұмыс берушілердің назарын қаланың кәсіптік білім беру ...

Толығырақ »

БОЛАШАҚТЫҚ РАХАТ-БИ ӘБДІСАҒИН БЕДЕЛДІ МУЗЫКАЛЫҚ МАРАПАТҚА ҰСЫНЫЛДЫ

Рахат-Би Абдысагин Лондонның Құрметті Музыканттар Қоғамының 2024 жылғы беделді Күміс медаліне ұсынылды, деп хабарлайды Jastar janary. Композитор және пианист Рахат-Би Абдысагин «Болашақ» бағдарламасымен Шотландияның Корольдік консерваториясында докторантурада білім алуда. Ол Ұлыбританияның ең көне сыйлықтарының бірі – Лондонның Құрметті Музыканттар Қоғамының Күміс медаліне ұсынылды. Марапаттау рәсімі 2024 жылдың 13 қарашасында Лондонда өтеді және бұл музыкалық қауымдастық үшін маңызды оқиға болмақ! Лондонның ...

Толығырақ »