Басты бет » Жаңалықтар » Астаналық кәсіпкер әнші Нұрғали Нүсіпжановқа екі бөлмелі пәтер сыйлады

Астаналық кәсіпкер әнші Нұрғали Нүсіпжановқа екі бөлмелі пәтер сыйлады

Алаяқтарға алданып, пәтер жағалап қалған әнші Нұрғали Нүсіпжановқа астаналық кәсіпкер пәтер сыйлады, деп хабарлайды Jastar janary.

Фото: бейнежазбадан скриншотталды

Белгілі әнші Досымжан Таңатаровтың концертінде әнші Нұрғали Нүсіпжановқа астаналық кәсіпкер 2 бөлмелі пәтер сыйлады. Бұл туралы журналист Айнұр Омар әлеуметтік желідегі парақшасында жазды

«Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі! Досымжан Таңатаровтың концертінде ән салған Нұрғали Нүсіпжановқа астаналық кәсіпкер екі бөлмелі пәтер сыйлады. Зал тік тұрып қол соқты. Нұрғали аға Досымжанға ырымдап өз шапанын жапты, ал Досымжан пәтер сыйлаған жігітке үстіндегі шапанын кигізіп жіберді. Қандай әдемі дәстүр, иә. Кәсіпкер кісіні танымадым. Сіздер танып жатсаңыздар, белгілей қойыңыздаршы, азамат екен!» – деп жазады Айнұр Омар.