Наурыз мейрамына орай TikTok осымен үшінші жыл қатарынан қазақстандықтар үшін ауқымды онлайн-фестиваль ұйымдастырады. #Наурыз2025 арнайы хэштегі арқылы кез келген адам бастамаға қосылып, мерекелік сәттерімен бөлісе алады. Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанның жоғары оқу орындары да бұл фестивальға белсенді қатысуда. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Satbayev University Наурызды ерекше қарсы алуға дайын, Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде домбыра шертіліп, Yessenov University-де ұлттық спорт ...
Толығырақ »Жаңалықтар
«Орындалған бір арман»: Серік Ибрагимов әкесіне су жаңа көлік сыйлады
Танымал әнші Серік Ибрагимов әлеуметтік желідегі парақшасында әкесіне темір тұлпар сыйлағанын айтты, деп хабарлайды Jastar janary. «Ассалаумағалайкум қымбатты достар! Әкемізге біздің отбасымыздың атынан Айнамкөз екеуміз тосынсый жасайын деп тұрмыз. Алла бұйыртса, қазір салоннан әкеме су жаңа көлікке сыйлайын деп жатырмыз. Әке-шешеге құрмет деген нәрсе өз алдыңа келетін дүние. Сондықтан баршаңызға осындай қуанышты жағдай, бақытты сәт жұғысты болсын дегім келеді», – ...
Толығырақ »Ирина Советжанқызы: «Қазақ комедияларының деңгейі белден төмен құлдырап бара жатыр»
Журналист Ирина Советжанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында кинотеатрларда көрсетіліп жатырған арзан коммедиялар жайында айтты, деп хабарлайды Jastar janary. «Айта-айта Алтайды..» демекші, қазақ комедияларының деңгейі белден төмен құлдырап бара жатқанын осы жердегі көбіміз жазып келеміз. Бірақ біздің айтқанды еститін құлақ болмады. Кинотеатрлардағы қаптаған арзан комедиялар мен сапасыз сандырақтарға көз үйренгелі қашан. Бүгін Ұлттық Құрылтайда Президент осы мәселеге тоқталып өтіпті. Былтырдың өзінде осы ...
Толығырақ »TikTok ата-аналардың талабын ескеретін болды
TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін жаңа функцияларды іске қосады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлім етті, деп жазады Jastar janary inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. – TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен ата-аналардың бақылау жүйесін одан әрі жақсартуда. Платформа жасөспірімдер үшін қауіпсіз онлайн кеңістік құруға және ата-аналарға балаларының TikTok-тағы белсенділігін басқаруға көмектесетін жаңа мүмкіндіктерді іске қосқанын хабарлайды. ...
Толығырақ »Астанада мұз үстінде қыз қуу ойыны өтті
Наурыз тойын атап өту, қазақтың салт-дәстүрін қайта жаңғырту мақсатында «Алау» мұз айдынында Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты №2 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен мұз үстінде қыз қуу ойыны өтті, деп хабарлайды Jastar janary елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Ұйымдастырушылар заманауи қыз қууды осылайша халық назарына ұсынып, дәстүр жаңғыртқысы келгенін айтады. «Бүгінгі шараның ерекше сәті – мұз ...
Толығырақ »20 наурыз – Ұлттық спорт күні
Фото: egemen.kz Қазақ халқы ежелден барлық мерекеде жарыс ұйымдастырған. Елімізде бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңгеге ілу, құсбегілік және тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту турнирлері сияқты ұлттық спорт түрлері тез танымал болып, көпшіліктің қызығушылығын оятуда. Осы ойындарды тамашалау арқылы көпшілік халқымыздың салт-дәстүрімен де таныса алады. Біздің ұлттық спортымыз – тек сайыс пен жарыс емес, онда көшпелі тұрмыстың рухы бар. ...
Толығырақ »Алматыда Nauryz Fashion Day сән көрсетілімі өтті
Алматыда Наурызнама онкүндігі аясында Ұлттық киім күніне арналған Nauryz Fashion Day сән көрсетілімі өтті. Подиумда модельдер ғана емес, ұлттық киім киген көрермендер де жүріп өтті. Көрсетілімге «Қазақ әжелері», «Мисс Қазақстан» байқауының финалистері, театр артистері мен қарапайым қала тұрғындары қатысты. Қатысушылар ұлттық стильдің әртүрлілігін паш етсе, көрермендер дәстүрлі киімнің мағынасына қатысты викторинаға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Дизайнер Раушан Әнуарбекова Қазақстан ...
Толығырақ »Елордада студенттер арасында «Жігіт сұлтаны-2025» байқауы өтті
Астана қаласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Жігіт сұлтаны-2025» қалалық байқауы өтті, деп хабарлады Jastar janary елорда әкімдігінің ресми сайты. Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен Астана қаласы әкімдігінің «Сервис және туризм колледжі» ұйымдастырған байқаудың ең басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық мәдениетін насихаттау, салт-дәстүрін дәріптеу. Сайысқа Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ...
Толығырақ »Астанада 3 мыңнан астам оқушы «Қамажай» биін биледі
Бүгін, 18 наурызда QAZAQSTAN жеңіл атлетика кешенінде астаналық 3 мыңнан астам оқушы қыз бір мезетте «Қамажай» халық биін билеп, жаппай орындау бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды Jastar janary елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Флешмоб «Науразнама» онкүндігі аясында өтіп, Ұлттық киім күніне орайластырылды. Ұйымдастырушылар – елордалық Білім басқармасы мен Техникалық және көркем шығармашылық орталығы. «Қамажай» – қазақтың ұлттық билерінің бірі. ...
Толығырақ »Қазақ-өзбек жастары форумы: Жұмысшы мамандықтарының маңызы талқыланды
Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында, Түркістан қаласында «Достық көпірі» атты қазақ-өзбек жастарының форумы өтті. Іс-шараға Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік орган өкілдері мен жетекші мамандары, белсенділер және жас кәсіпкерлер қатысты, деп хабарлайды Jastar janary. Халықаралық кездесудің мақсаты – жұмысшы мамандықтардың дамуын талқылау, кәсіптік білім беру және жұмыспен қамту саласындағы негізгі мәселелер мен перспективаларды анықтау, сондай-ақ мамандарды даярлау сапасын ...
Толығырақ »