Басты бет » Жаңалықтар » 15 жасар қазақ баласы әйгілі «Барселона» футбол клубының ойыншысы атанды

15 жасар қазақ баласы әйгілі «Барселона» футбол клубының ойыншысы атанды

 Орал қаласында туып-өскен қазақ баласы, жас футболшы Кәрім Меңдіханов танымал «Барселона» командасымен келісімшартқа отырды, деп жазды Испанияның «Mundo Deportivo» газеті.

 

Fabrizio Romano Transfer News. Суретте: Кәрім Меңдіханов

Кәрім Меңдіханов келесі маусымнан бастап танымал клуб сапында ойнайды. Ол «Барселона» тарихындағы алғашқы қазақстандық футболшы атанды.

Жас футболшы Испанияға 2022 жылы барып, жергілікті клубтарда өнер көрсеткен. Өткен маусымда «Cerdanyola», одан кейін «Sant Cugat FC» клубтарында ойнады. Бұған дейін оған «Барселонадан» бөлек бірнеше еуропалық клуб қызығушылық танытқан.

Оң қапталда өнер көрсетет ін шабуылшы өзінің жылдамдығы, дриблинг шеберлігі және сенімді ойынымен ерекшеленеді.