Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов: «Бүгін өз қатарластарының құқығын қорғап жүрген белсенді балалармен кездестім». Бұл туралы министр әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Көздері оттай жанып, жігерленіп тұрған балалар өз жобалары жайында айтып, балалар құқығын қорғаудың түрлі аспектілері бойынша зерттеулерін ұсынды. Дайындық сапасына қатты таң қалдым. Себебі баяндама жасаған баланың барлығы өз тақырыптары бойынша сауалнама жүргізіп, әдебиеттерді қараған, талдау мен нақты ұсыныстар дайындаған. ...
Толығырақ »Жаңалықтар
Ғ.МҮСІРЕПОВ ТЕАТРЫНДА «АҚ КЕМЕ» САХНАЛАНАДЫ
Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекетік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры желтоқсан айының 17 жұлдызында көрермен назарына «Ақ кеме» (авт.: Ш.Айтматов) спектаклінің премьерасын ұсынады. «Адамзаттың Айтматовы» атанған Шыңғыс Төреқұлұлының айтулы шығармасы балалар мен жасөпірімдер театрының репертуарына лайықты туындылардың бірі әрі бірегейі. Спектакльдің режиссері – Дина Жұмабаева, суретшісі – Лилия Хисматуллина, хореограф – Анна Цой. Спектакльдің жанры – траги-әфсана. Ұлы суреткердің «Ақ кемемен» ...
Толығырақ »Елімізде 35 жасқа дейінгілер енді жастар санатында
Елімізде жастардың шек мөлшері 35-ке дейін ұлғайтылды. Бұрын бұл 29 жас болатын. Енді 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатында әлеуметтік жеңілдіктерге қол жеткізе алады.
Толығырақ »«Қыз Жібек» фильмі
«Қыз Жібек» — толық метражды, екі бөлімнен құралған көркем фильм. 1970 ж. Қазақфильм студиясы шығарған. Сюжеті Фильмнің бірінші бөлімінде Базарбай байдың Төлеген атты ұлы 14 жасқа толғанда өзіне жар іздеп, 210 сұлудың арасынан Сырлыбай ханның Жібек атты қызын ұнатқандығы айтылады. Үш ай Сырлыбай ханның елінде болған Төлеген өз еліне бармақ болып сапарға шығады. Бірақ Жібекті қызғанып, жол тосқан Бекежан қапыда ...
Толығырақ »Қазақстанда жылжымайтын мүліктің құны өсуде
OLX зерттеуі Алматы, 28 қараша, 2022. OLX.KZ онлайн-хабарландыру сервисінің талдаушылары 2022 жылдың үш тоқсанындағы Қазақстандағы тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлік және жер нарығын бағалады. Нарық ұсыныстарын зерттеу барлық санаттар бойынша жалпы өсуді анықтады. Орташа алғанда, нарық 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ға төмендеді. Бұл ретте барлық санаттар бойынша бір шаршы метрдің құны елде орта есеппен 20%-ға өсті. Нарықты зерттеу ...
Толығырақ »ТЕЛЕФОНДАҒЫ МЕЙІРІМ
Бала кезім. Ол кезде үйге телефон кіргізу үлкен жаңалық болатын. Үйдегілердің айналдырғыштың кішкентай тесігіне саусағын сұғып нөмір тергені, әсіресе қызық болатын. Тұтқаны алсаң, арғы жағынан тірі адамның дауысы шығатыны қалай? Түк түсінбейтінмін. Кейде телефонға қарап, ұзақ отырып қалады екенмін. Бірде анамның «1», «0» және «5» деген нөмірді айналдырғанда, арғы жағынан «Анықтама тыңдап тұр» деген сөзді есітіп қалдым. Сол дауыспен анам ...
Толығырақ »Кішкентай блогер Аёка тарихи фильмде рөл сомдауда
Ақтөбелік кішкентай блогер Аяна Бауыржанова Алматыда тарихи фильмге түсіп жатыр, деп хабарлайды «Тілші». Бұл туралы бүлдіршіннің анасы желідегі парақшасында жазған. Сурет @crazy_aeka инстапарақшасынан алынды «Бұл Аёканың алғашқы рөлі. Бұған дейін фильмдердің эпизодына да түскен емес, білесіздер. Соған қарамастан ең алғашқы тәжірибесі, ең алғашқы рөлін осындай үлкен тарихи фильмнен бастап жатыр», – деп жазған анасы Орынгүл Көптілеуқызы. Анасының айтуынша, «Аёкаға бұл ...
Толығырақ »Жадыра ШАМҰРАТОВА. Төртбұрыш адамның бір күні
(Новелла) Жадыра Шамұратова Түні бойы компьютер мен телефонға тесілген көзіме бірауық еркіндік бермекші болып, он бесінші қабаттан терезеге телміремін. Көліктер таң атар-атпастан дөңгелегінен лай шашырап, айналасын газға бөктіре заулайды, Қабанбайдың бойын у-шу мен бажылға толтырып өрт сөндіргіш машина мен жедел жәрдем көлігі өтіп барады. ЛРТ-ның тігінен қойған тас табыттар секілді табандары меңіреу мелшиеді. Бұрын осы жерден күннің қызыл жалқынданып, айналасына ...
Толығырақ »Театр ұжымы Түркияда өткен театр фестивалінен олжалы оралды
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Орталық Азия елдері театрларының VІІІ Халықаралық фестивалінде «БАС ЖҮЛДЕ» мен «ЕҢ ҮЗДІК ӘЙЕЛ АДАМ БЕЙНЕСІ» марапаттарына ие болып, ТҮРКИЯДАҒЫ театр фестивалінен де олжалы оралды. Қазақтың ұлы жазушысы Мухтар Әуезовтың 125 жылдығына орай 1-7 караша аралығында Орталық Азия, түркітілдес мемлекеттер мен Қазақстанның кәсіби театр ұжымдары қатысатын VIII Орталық Азия елдерінің ...
Толығырақ »МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛГЕ МИЫ ЖЕТПЕЙТІНДЕРДІ ҚЫЗМЕТКЕ КІМ АЛСА, СОЛАР АУДАРМАШЫ БОЛСЫН!
Қазыбек Иса, Мәжіліс депутаты Мемлекеттік қызметте Мемлекеттік тілді білмейтіндер қаптап жүр! Мемлекеттік тілді білмей Мемлекеттік қызметте, Үкімет пен министрлікте басшылыққа дейін, Президент әкімшілігі мен әкімдіктерде жоғары лауазымды қызметтерді қалай атқаратынына 31 жылда да басымыз жетпей қойды! Шынын айтқанда, бұл 31 жылда билік Мемлекеттік тілді табанға таптап, яғни Мемлекетті, Тәуелсіз Қазақ Елін қорлаумен келе жатыр! Өткен аптаның басында, 14 қарашадағы Парламент ...
Толығырақ »