Балалар арасында жол-көлік жарақатының алдын алу, сондай-ақ оқу жылы аяқталар тұста жасөспірімдер мен балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысына байланысты дағдыларын нығайту, тұрақты тұратын және оқу орнында көлік ортасына бейімделуі мақсатында Орал қаласының аумағында 2024 жылдың мамыр айының 20 мен 30 күндері аралығында «Абайлаңыз – балалар!» атты жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Шара мақсаты – қоғамның назарын аудару, көлік жүргізушінің қауіпсіздік белдігін тағу және автокөлік салонында балаларды тасымалдау барысында балаларды ұстап тұратын құрылғының болуы, сонымен қатар балалар мен ересектердің көлік қозғалысына баса назар аударуын қалыптастыру еді. Іс-шараның өтуіне патрульдік полиция батальонынан, әкімшілік полициядан және қызметкер ювеналдық полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылды.
Жыл басынан бері, нақтырақ айтсақ, 2024 жылдың 5 айы ішінде жасөспірімдердің қатысуымен қала аумағында 35 жол-көлік оқиғасы орын алып, 2 бала қайтыс болды, 35 жасөспірім түрлі дене жарақаттарын алды. Жол қозғалыс оқиғасы жол қозғалысы ережелерінің қандай да бір талаптарын сақтамағандықтан болады. Сондықтан жыл сайын қаланың барлық мектеп оқушыларына жол жүру ережелерінің маңыздылығы мен апаттылықтың алдын алуға бағытталған кең ауқымды дәрістер оқылып, түрлі бағдарламалық брошюралар таратылып берілді. Ата-аналар мен мұғалімдерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жол және коммуналдық қызметтер өкілдерімен бірлесіп, көше-жол желілерінің және жалпы білім беретін, мектепке дейінгі мекемелер, қосымша білім беретін балалар ұйымдарының және олардың аумағына жақын орналасқан орындарда жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын пайдалану жай-күйіне тексеру жүргізілуде. Көліктік бақылау органдары өкілдерімен бірлесіп, жалпы білім беретін мекемелердің қолданыстағы автобустарында жолаушылар тасымалдауға лицензиялардың бар болуын қадағалау, мектеп оқушыларын тасымалдауды ұйымдастыру кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуына тексеру жүргізу жүзеге асырылуда. Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдармен, ПИК төрағаларымен бірлесе отырып, тұрғын үй аймақтарында, аула аумақтарында, балалар мен спорттық алаңдардың маңында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтармен кездесулер өткізіледі деп жоспарланды.
Аталмыш іс-шара шеңберінде 2024 жылғы 22 мамырда Орал қаласы, «Меховой» аялдамасы тұсында Орал қ.ПБ Патрульдік полиция батальонының инспекторлары мен Орал қ.ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің инспекторлары бірлесіп жаяу жүргіншілер жолағы тұсында арнайы трафареттерді жол жиегіне бастырып, жол қозғалысына қатысушыларды заң талаптарына бағынуға шақырды. «Құлаққапты шешіңіз», «Снимите наушники», «Жолды белгіленген жерден өт», «Переходи дорогу в установленном месте», «Жаяу жүргінші қауіпсіздікке көзіңді жеткіз», «Пешеход убедись в безопасности перехода», «Баланы қолыңызға көтеріңіз», «Возьмите ребенка за руку» жазуларын арнайы трафареттер арқылы жол үстіне арнайы сырлармен бастырды.
Оқушылардың жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауын, жол үстінде жол белгілеріне мән берулерін талап ету мақсатындағы көпшілік мәдени түрлі мазмұндағы әдемі игі шаралар қала аумағында жалғасын таппақ.
Орал қ. ПБ