Әйелдерге арналған 2024 жылғы жазғы киім сәні: трендтер, түстер, үлгілер
Әйелдерге арналған 2024 жылғы жаздағы негізгі сән тенденциялары әлемдегі жетекші брендтердің дәстүрлі Прет-а-порт коллекцияларының көрсетілімінде ұсынылды. Дәл осындай іс-шараларда маусымның негізгі трендтері және осы жылы не сәнде болатыны анықталады.
Әр маусымда барлық стильдер белгілі бір өзгерістерге ұшырайды, бірақ биылғы жылы жазғы көріністер әртүрлі таңдаулармен таңғалдыруда. Әртүрлі фактурадағы материалдарды өзіндік құрау және түстер палитрасының ерекше үйлесімі сәнқойларға керемет көзтартарлық әрі заманауи үлгіде көрінуге мүмкіндік береді.
Дизайнерлер жазғы композицияларында мақта, зығыр және жұқа трикотажды қолдана отырып, табиғи матадан жасалған бұйымдарға ерекше назар аударған.
2024 жылғы талғамды сызықтар мен қарапайым еркін образдар миллиондаған сәнқойлар арасында танымал болып үлгерді. Ашық реңкті жеңіл көйлектер әйел денесінің үйлесімділігін тамаша көрсетеді, бейсаналы түрде демалуға және көңіл көтеруге дайындай түседі. Тіпті, қарапайым киімдегі талғампаз желбіректер мен шілтерлермен әсемдеу әйелдерге ерекше тартымдылық сыйлайды.
Өзіңіздің жазғы гардеробыңызды сәнді киімнен ғана емес, ыңғайлы киімдердер құрастыру ұсынылады. Стильді фасондар – фигураның кемшіліктерін көрсетпей, жасыруға мүмкіндік береді.
Сәнді гардеробты қалыптастырудың негізгі принциптері
Ағымдағы жылы жазғы гардеробтың негізгі тенденциялары – ерекше түстердің үйлесімі арқылы қол жеткізілетін экспрессивтілік пен өзіндік ерекшеліктен тұрады. Тамаша жазғы лукты қалыптастыру кезінде ең алдымен өзара ауыстырып кие алатын базалық гардеробты жинап алу қажет:
скинни джинсы;
жеңіл шифонды блузка;
мақтадан жасалған кең балақты шалбар;
бір түсті футболкалар;
мини-юбка,
велосипедкалар;
трикотаж топиктер;
зығыр матасынан жеңіл костюм;
шілдермен және желбіректермен сарафан;
шорты;
гүлді принттегі көйлек.
Жазғы лукты бейсболкамен немесе талғампаз жалпақ жиекті қалпақпен толықтыруға болады. Әдемі аксессуарларды қоспасаңыз, әйел образы аяқталмай қалады. Бұл – бірегей түстегі күннен қорғайтын көзілдірік, креативті декоры бар ерекше пішінді сөмкелер, сондай-ақ жеңіл шарфтар мен үшкіл орамал болуы мүмкін.
Базалық жазғы гардероб қарапайым пішімді бөлшектермен толтырылмаған заттардан тұруы тиіс.
Минималистік дизайн заманауи трендтерге сәйкес келетін сәнді заттарды қоса отырып, гардероб элементтерін оңай құрастыруға мүмкіндік береді.
Жазда болатын оңтайлы түстер
Жазғы коллекцияда дизайнерлер ең керемет реңктерді қолданған, бұл күн сәулесімен қаныққан керемет образдарды қалыптастыруға мүмкіндік берді. Қыздарға әсерлі жазғы образдарды жасай алатын жарқыраған сары түс көптеген кутюрьелердің композицияларында бар. Қызғылт сары-апельсин түсіне ерекше назар аударылған, оның комбинациясы тіпті жұмсақ реңктерді қанық және жарқын етеді.
Шабдалы, ақшыл сары, қызғылт, көк және бөртегүл түсті тондардың нәзік реңктері трендте. Қыздар үшін ең сәнді жазғы образдарды жасауға мүмкіндік беретін ақ түске ерекше назар аударылады.
Талғамға сай образды қалыптастырған кезде керемет база бола алатын сәнді жазғы гардеробқа ақ түсті көптеген заттарды қосуға болады. Осылардың ішінде ең көп сұранысқа ие болып табылатындар мыналар:
Ақ шалбар – жазғы образға арналған тамаша негіз. Жылтыр топиктер, күрделі пішімді блузкалар және ашық принтті футболкалар олармен тамаша үйлеседі. Көптеген кутюрлер ақ шалбарды бос кенеп дейді, ол арқылы сіз ең керемет идеяларды жүзеге асыра асырып, қайталанбас айрықша образдар жасай аласыз.
Мақта трикотаждан жасалған ақ футболка базалық гардеробтың кез келген жиынтығымен әдемі лук жасауға мүмкіндік береді. Ол ашық түсті костюмдермен, гүлді шалбармен, кез келген түстегі юбкамен және шортымен тамаша үйлеседі. Ақ футболкада түрлі түсті стразалары бар алқалар және былғары баусымдағы талғамға сай көп деңгейлі алқалар ерекше көрінеді. Ол бешпеттер мен комбинезондарды қоса алғанда, джинсыдан жасалған кез келген бұйымдармен тамаша үйлеседі.
Ақ майка немесе топ. Бұл элементтер жазғы гардеробқа кіретін барлық заттардың ішіндегі ең арзаны болып табылады. Олар жазға арналған кез келген луктың астынан, яғни спорттық киімдермен де, талғамды киімдермен де үйлесе береді.
Ақ рубашка – жазғы луктың айрықша элементі. Ең дұрысы, мақта, зығыр, жібек, бөз сияқты табиғи маталарды пайдаланған жөн. Мақтадан тігілген киімдер кеңсе стиліне де сәйкес келеді. Зығыр бохо-шик және кэжуал стиліндегі элементтермен тамаша үйлеседі. Жібек пен шифон гламур элементтерімен керемет үйлессе, ал вискоза мен бөз күнделікті киюге таптырмас нәрсе.
Жазғы ақ көйлектер шілтермен қапталған тығыз зығыр матадан жасалуы немесе тек қынама стильде болуы мүмкін. Төгіліп тұратын жібектен жасалған комбинация көйлектер де танымал, оларды інжу-маржанмен толықтыру арқылы гламур стиліндегі сәнді әйел образын қалыптастыра аласыз.
Ақ түс жеке образды қалыптастыруда көптеген вариацияларды аша түседі және фигураның әртүрлі параметрлеріне өте ыңғайлы болады.
Стилистер шынымен де үйлесімді образ құру үшін гардеробтың әртүрлі элементтері мен аксессуарларын дұрыс үйлестіріп үйрену маңызды аспект деп санайды.
Әйелдерге арналған көптеген сәнді жазғы луктар ақ, кең балақты шалбардан, сондай түстегі топиктен және жеңіл матадан жасалған ашық ақ көйлектен тұрады.
2024 жылғы жазғы әйелдер киіміндегі сән трендтері
Сән үйінің дизайнерлері жазғы топтамада 2024 жылдың жазында әйелдерге арналған теңдесі жоқ образдарды қалыптастыратын көптеген трендтік жаңалықтарды дайындады, бұл әркімнің нағыз ханшайым екендігін сезінуге және келбетті болып жүруіне мүмкіндік береді.
Бұл, ең алдымен, киімдегі монохромды үйлесімділікке қатысты. Мұндай стиль негізі жаңалық болмаса да, жылтыр фактурадағы маталарды пайдалану оған екінші өмір сыйлады.
Киімдегі 2024 жылғы жаздың сәнді түстері жылтыр болайын деп тұр, ал подиумдағы кутюрлердің модельдері ерекше таңғалдыруда! Маталар әртүрлі фактурада болады:
жеңіл фатин;
люрекс;
төгілген жібек;
жылтыр атлас;
латексті былғары.
Дизайнерлер киімнің жылтыр элементтерін мақта, джинсы, трикотаж сияқты қарапайым материалдардан жасалған бұйымдармен үйлестіруге кеңес береді.
Пайеткалардың, әртүрлі тастар мен стразалардың көмегімен әдемі жылтыратуға болады. Түстердің үйлесімін әркім жеке таңдауы керек, бірақ жазғы түстердің трендтері – қызылкүрең және ашық сары. Белдік немесе декор ретінде пайдаланылатын әртүрлі алқалар жылтыр образды толықтыра түседі.
2024 жылы сәнді трендтердің арасынан көптеген инновациялық ұсыныстарды байқауға болады.
ЕРЕКШЕ ДИЗАЙНДАҒЫ ҚИЫҚТАР МЕН ОЙЫҚТАР
Биылғы жылы дизайнерлер ерекше пішін мен өлшемдегі мүлдем жаңа экстравагантты идеяларын ұсына отырып, дәстүрлі дөңгелек, шаршы және V-мойын ойықтарымен шектелмеуді шешкен. Осы жазда көкірек бөлігін ғана емес, жеңді, арқаны және иықты ерекше дизайнмен безендіру сәнді болады.
Көкірек тұсында ерекше ойықтары бар шілтері алқа әдемі геометриялық пішінді кулонмен және алтын жалатылған табиғи тастардан жасалған үлкен алқа керемет талғамға сай болып көрінеді.
Сән үйлері ұсынған жаңа кутюрье топтамаларындағы шалбар мен юбкаларда да кесіктер мен ойықтар трендтері байқалды.
ТОЛҚЫНДЫ БАХРОМА
Осы жылдың жаңа сән тенденциясы – жиектерді әсемдеу элементі ретінде бахроманы пайдалану. Оны әртүрлі интерпретацияда кездестіруге болады. Көптеген брендтердің дизайнерлері күнделікті киімдер мен сәнді луктарында жеңіл толқынды бахроманы ұсынған. Оның көйлектерде, юбкаларда, футболкаларда және топтарда кездесеуі 35 жастағы әйелдің жазғы лугын жеңіл әрі талғампаз етуге мүмкіндік береді. Жеңіл төгілген бахромасы бар 20-шы жылдардың стиліндегі керемет кешкі көйлек үшін ұзын інжу-маржаннан алқаны немесе гүл не бұтақ түріндегі жылтырақтарымен жарқын брошьты таңдауға болады.
КОСТЮМ-ШАЛБАР
Әйелдерге арналған жазғы сән ашық қанық реңктер мен бейтарап түстегі комтюм-шалбарсыз елестету мүмкін емес. Көптеген модельдер табиғи материалдардан жасалған кең пішімді. Ашық түсті шалбар мен ашық қызғылт сары топик жазғы образды жаңа түстермен толтырып, оны тартымды етеді.
Жазғы маусымның ең сәнді түсі – ақ. Оның танымалдығы жазғы гардеробтың кез келген элементтерімен тамаша үйлесуіне байланысты, осылайша ол кез келген луктың базалық әмбебап элементі.
КРОШЕ ТЕХНИКАСЫН ПАЙДАЛАНУ
Осы жылдың тағы бір инновациясы — ілгекпен тоқылатын бұйымдар. Тоқыма сән үлгісі бүгінде өте танымал. Ағымдағы маусымда жіңішке шілтер тоқу әртүрлі модельдерде көрініс табатын болады: ашық топтар, талғампаз көйлектер, костюм-шалбар,тіпті комбинезондарда.
Торлы және айшықпен өрнектелген жазғы киім кутюрлердің сән көрсетілімдерінде сенсация жасады. Бүгінгі таңда әр түрлі жастағы көптеген сәнгерлерде кем дегенде бір тоқылған зат болуы керек. Мұндай бұйымдар демалыста, күнделікті лукта және кештерге арналған киім ретінде тамаша жүреді.
ЖАСТАР СӘНІ: ҚЫСҚА БЕЛДЕМШЕЛЕР МЕН ШОРТЫЛАР
Жастар сәнінің қарқынды дамуына қарамастан, дизайнерлер көбінесе өткен маусымдардың модельдеріне оралуда. Минимализм және көптеген киім элементтеріндегі минитанымалдылық қайтадан жаздың басты трендіне айналды.
Тек Valentino және Dior сән үйінің дизайнерлері ұсынған қысқа көйлектер мен супер қысқа шортылар ғана қысқа белдемшеге бәсекелес бола алады.
Қысқа киімге және әйелдердің еліктірерлік аяқтарына баса назар аудару – бұл 2024 жылдың жазындағы киімдегі трендтер, сондықтан барлық қыз-келіншектерге жазғы маусымға дайындалу туралы ойлану керек! Дизайнерлер көптеген танымал қысқа стилдегі киімдерді ұсынуда, олардың арасында мыналар бар:
шалбардың үстінен тым қысқа белдемше;
қысқа джинсы белдемше және ұзын жакет;
қысқа шорты және гранж стиліндегі ұзын жейде;
ашық принтті футболка және қысқа көйлек-комбинация.
Мұндай стильдік шешімдер 45 жастан кейінгі әйелдерге келмеуі мүмкін, бірақ фигурасына қарайтын жас қыздар үшін жазда керемет топтама.
НӘЗІКТІК ПЕН РОМАНТИКА
Осы жазда дизайнерлер ықшам және жарасымды сызықтары бар әртүрлі стильдерден пішімі көлемі бөлшектерден тұратын және жеңіл маталар пайдаланылған керемет луктарды ұсынды. Ұсынылған стильді фасондардан мынаны көруге болады:
- бохо-шик стиліндегі желбіректері бар көйлектер;
- көпқабатты органзадан тұратын бос юбкалар;
- баскамен юбка-қарындаш;
- жеңдері бос блузкалар;
- көпқабатты бүрмелерімен және шілтермен әрленген сарафандар;
- балағы бүктелген кең шалбарлар.
Демалу мен демалыс кезеңіне ең қолайлы нәзік және талғампаз бейнелерді жасау үшін нюдты сәнді реңктерді пайдаланған.
Осы топтамада ашық гүлді принттері бар әйелдер киімдерінің модельдері қызықты. Жазғы луктағы реңктердің ең жақсы үйлесімін табу үшін өзіңе келетін түстерді дұрыс анықтап алу маңызды.
Аударма жасаған
Сәния ИБРАЕВА,
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
3-курс студенті
Дерекөз бен суреттер: https://www.alltime.ru