Елімізде оқу жылы 34 аптадан 36 аптаға дейін ұзартылды. Осыған сәйкес оқу жылы 31 мамырда аяқталады. «Бұл шешімнің басты себептері: балалардың отбасында көбірек уақыт өткізуіне қатысты ата-ана өтініштеріне байланысты 5 күндік оқу аптасына көшу; оқушыларға жүктемені азайту жөніндегі сарапшылар ұсыныстары; оқу аптасының ұзақтығын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкестендіру. Әлемдік тәжірибеге назар аударсақ, ЭЫДҰ елдерінде оқу жылы 40 аптаны ...
Толығырақ »Жаңалықтар
«Oral jastary»: жастарға кеңес ұсынды
Жастар – еліміздің басты ресурсы және болашағы болғандықтан, мемлекет олардың әлеуетін көтеруге көп көңіл бөлуде. Осы орайда «Oral jastary» жастар ресурстық орталығы да бұл бастамаға үн қосып келеді. «Жастарға кеңес» жобасында 21-35 жас аралығындағы кәсіпкерлерді қолдауға арналған 2,5% несие беру бойынша ақпарат ұсынылды. Бүгінгі таңда баспана тақырыбы өзекті. Ал қоныс алудың тиімді жолын «Отбасы банк» қызметкері түсіндірді. Сонымен ...
Толығырақ »Бүгін Димаштың туған күні
«МЫНАУ — АДАМНЫҢ ЕМЕС, ПЕРІШТЕНІҢ ДАУСЫ» Әлем жұртшылығы қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің талантына тамсанады. Кристин Орбст (Германия): «Мәссаған, мына жігіттің көмейінде тенор мен сопраноның арасындағы, ерге тән дауыс пен әйелге тән үн арасындағы бүкіл дыбыс гаммасы түгел жүр ғой! Тұла бойым тітіркеніп кетті!» Иан Стюарт (Ұлыбритания): «Құдайым-ау, қандай ғажап! Қайта-қайта тыңдап отырмын. Осындай да дауыс болуы мүмкін бе? «Мүмкін» дейтін ...
Толығырақ »СУРЕТТІҢ СЫРЫ: МАҚПАЛМЕН КЕЗДЕСКЕНДЕ…
Өткенге бір сәт ойша оралу адамзат баласына ерекше сезім сыйлайтыны ақиқат. Ескі фотосуреттердің уақыт өте келе сонша құнды болуының мәні де осында жатқан секілді. Әр отбасында жылдар бойы жинақталған фотоальбомдар, уақыт сарғайтқан суреттер бар болар деп ойлаймын. Олар әрбір шаңырақтың шежіресі, тарихы, өткен күндердің жарқын елесі, қымбат дүниесі десек, қателеспейміз. Сондай сарғайған суретті теректілік «Жұлдыз» үлгілі би ансамблінің жетекшісі, өте ...
Толығырақ »ЫНТА БОЛСА АДАМДА…
Әр елдің ділімен, салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен, мәдениетімен тереңірек танысу үшін сол мемлекеттерде тұратын халықтың тілін үйрену қажет екені белгілі. Осы орайда тілдерді меңгерудің маңызы зор. Қазіргі кезде Қазақстанда бірнеше тілді білетін жастар баршылық. Мысалы, Петропавл қаласының тұрғыны Якуб Латипов – сондай азаматтардың бірі. Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясындағы «Түрік мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Якуб Рамазанұлы 1998 жылы Шымкент қаласында ...
Толығырақ »АСТАНАЛЫҚ ҰСТАЗ ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫН АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕТТІ
Астана қаласындағы №38 мектеп-лицейінің мұғалімі қазақ ертегілерінің кейіпкерлерін ағылшын тілінде сөйлетті. Шет тілін оқытудағы жаңа әдіс оқушылардың ынтасын арттырып, оқу үлгеріміне оң әсерін тигізді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі жазды. «39 жыл ұстаздық еткен тәжірибемде сабақ барысында ақпараттық технологияларды қолдану, тілді ән және фильмдер арқылы үйрету әдістерін пайдаландық. Алайда танымал шығармалар мен қазақ ертегілерін аударып оқыту балалардың қызығушылығын арттырып, ...
Толығырақ »«Дипломмен ауылға» жобасына өтініш онлайн қабылданады
Жас мамандар «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы алады. Азаматтардың уақытын үнемдеу және мемлекеттік қолдауға ие болу процесін жеделдету үшін «Дипломмен ауылға» жобасы цифрлық форматқа ауыстырылды. Қазақстандықтар өз өтінімін otbasybank.kz порталы арқылы жібере алады, деп хабарлады «Отбасы банк» баспасөз қызметі. «Бағдарламаға ауылдық жерлерге енді ғана келген, бұрыннан тұрып жатқан және онда бірқатар кәсіп бойынша жұмыс істейтін кез келген ...
Толығырақ »Депутаттар «Дипломмен ауылға» жобасын жандандыруды ұсынды
Жалпыұлттық социал-демокартиялық партиясы фракциясының депутаттары Үкіметке «Дипломмен ауылға» жобасына қатысты сауал жолдап, өз ұсыныстарын жолдады. Депутаттық сауал Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А. Көлгіновке жолданды: Қазақстанда 2009 жылдан бастап қабылданған «Дипломмен ауылға» жобасы бүгінге дейін жүзеге асырылып келеді. Жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешені мамандары ...
Толығырақ »КИБЕРБУЛЛИНГ: ЖЕЛІДЕГІ ҚАУІП
«Қазір – ғаламтор дәуірі. Ондағы бей-берекет ақпарат тасқыны ұрпақтың санасын улап жатыр. Бір сәттік танымалдылықты көксейтін тамырсыз идеялар жаппай белең алуда. Бұл – аса қатерлі үрдіс». Мемлекет басшысы 2021 жылғы Жолдауында әлеуметтік желідегі жүгенсіздік жайын осылай деп айтқан еді. Айтса айтқандай, жас ұрпақтың санасын өзгеше әдіспен жаулап алатын қылмыс түрі пайда болды. Ол – ғаламтор қасіреті болып тұрған киберқылмыс. ...
Толығырақ »«Oral jastary» фестивалінің үздіктері анықталды
Орал қаласында оздырылған ЖОО мен АОО студенттері арасында өткен «Oral jastary» фестивалі өз мәресіне жетті. Фестивальдың гала концерті «Атамекен» өнер орталығында өткізілді. 10 мыңнан астам студент қатысқан жобаның жүлде қоры 2 млн 500 мың теңгені құрады. Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен, Орал қалалық жастар ресурстық орталығы және «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастырылуымен өткізілді. Аталмыш ...
Толығырақ »