Ресей Федерациясындағы бірнеше қалада қазақ мектебі ашылады. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәселе екіжақты талқыланып жатқанын мәлім етті, деп хабарлады qazaqstantv телеграм арнасы.
«Қазір мәселе пысықталып жатыр. Ресейде үш аймақ таңдалады. Олардың бірі – Астрахан, одан әрі Орынбор болуы керек. Тағы бірі Томск сияқты. Қазақ диаспорасы көп шоғырланған елді мекендерде қазақ мектептерінің ашылуы пысықталып жатыр», – деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.