Басты бет » Авторские архивы: admin (страница 89)

Архив блога

АЛМАТЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ: ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА КӨРКЕМСУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

Шабытты шаһар, тарихи мекен, еліміздің мәдени астанасы – Алматы қаласының туған күніне орай Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры 7-12 жас аралығындағы мектеп оқушыларына «Алматы менің көзіммен» атты көркем сурет байқауын жариялайды. Қатысушылар Алматы қаласының табиғаты, көрікті жерлері мен тарихи ғимараттары бейнеленген А3 немесе А4 пішіміндегі гуашьпен, акварельмен, түрлі түсті қарындашпен, фломастерлермен салынған 1 дана суретін ұсынады. Үміткерлер толық аты-жөнін, мектебі мен ...

Толығырақ »

«Елорда жастары» бағдарламасы қыркүйекте бастау алады

Биыл 4 қыркүйек сағат 9:00-ден бастап 2024 жылғы 10 қыркүйек сағат 23.59-ға дейін «Елорда жастары» жеңілдікті кредиттеу бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады. Бұл туралы Jastar janary порталы хабарлайды Dauletten.kz ақпараттық-танымдық сайтынына сілтеме жасап. Өтінімдерді қабылдау электронды түрде birge.astana.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Бұл бағдарлама «Отбасы банк» АҚ арқылы елордада бастапқы/қайталама нарықта өз пәтеріңізді сатып алуға мүмкіндік береді. Бағдарлама бойынша банк беретін ...

Толығырақ »

Бүгін 1 қыркүйек – Білім күні

Еліміздің барлық өңірлерінде білім беру ұйымдары өз есіктерін айқара ашуда. Мемлекет білім сапасын арттыру, балалардың білім алуы үшін жайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Осы қыркүйек айынан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарға арналған 3,5 мың кеңес беру пункті өз жұмысын бастайды. Колледждерде оқитын 300 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы 50%-ға артты. 1,7 млн оқушы мектептерде тегін тамақтанумен қамтылады. 87 мың ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ПАРАҚША…

Қалқаман САРИН Бақытыңды бергендей боп тосыннан, Уақытыңды жатқан сенің тонап сан. Əлеуметті алдау үшін ашылған —  Әлеуметтік желідегі парақшаң. Қайғың да бар бір басыңа жететін, Көрінгенмен көпке жан боп бағы асқан. Сені «мінсіз» жəне «мұңсыз» ететін, Әлеуметтік желідегі парақшаң. Шетелдерде дем аласың ай жүріп, Ал, жарлыға бөліп берер жоқ ақшаң. Сірə, сені көрсететін бай қылып Әлеуметтік желідегі парақшаң. Кəрілікті мойындайтын кезіңнен ...

Толығырақ »

ПАРАЛИМПИАДАШЫЛАРЫМЫЗ ЖАРЫС ЖОЛЫН БАСТАДЫ

Парижде алауын жаққан паралимпиада ойындарында Қазақ елінен спортшылар да бақ сынап жатыр. Қазақстан атынан 44 атлет спорттың 9 түрі бойынша қатысады. Олар дзюдо, пауэрлифтинг, таэквондо, жеңіл атлетика, нысана көздеу, үстел теннисі, жүзу, каноэ және волейболдан жарыс жолына шығады. Паралимпиада ойындары 8 қыркүйекке дейін жалғасады.  

Толығырақ »

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 10 күн қалды

2024 жылдың 8-13 қыркүйегі аралығында Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізіледі. Жарысқа әлемнің 85-ден астам елінен 2000-нан астам спортшы қатысатын болады. Бұл туралы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының арнайы ақпараттық сайтында хабарланды. Көшпенділер ойындарына бірінші кезекте халқы көшпелілер өркениетінің мұрагерлері болып келетін елдер қатысады. Ал Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің түкпір-түкпірінен, соның ішінде көшпенді емес елдерден де командалар қатысады деп ...

Толығырақ »

​​Жаңа оқу жылында білім беру ұйымдарында жеке қауіпсіздік сабақтары пайда болады

Оқу-ағарту министрлігі хабарлауынша, еліміздің барлық балабақшалары, мектептері және колледждерінде 1 қыркүйектен бастап балаларға қорғану негіздері бойынша оқыту сабақтары ұйымдастырылады. Осыған орай Оқу-ағарту министрлігі «Жеке бас қауіпсіздігі» тақырыбында 130 сабақ әзірледі. Мақсаты – балалардың бойында жеке қауіпсіздігі пен басқаларды қорғауға қатысты саналы және жауапты қарым-қатынас қалыптастыру, сондай-ақ төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындау. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының айтуынша, балалардың жас ерекшеліктері ...

Толығырақ »

АСТАНА АТА ЗАҢ КҮНІН АЙШЫҚТЫ ШАРАЛАРМЕН АТАП ӨТЕДІ

Астанада Конституция күніне орай қандай іс-шаралар өтеді.  «Елімізде 30 тамыз күні Қазақстан Республикасының Конститутция күні атап өтіледі. Осыған байланысты Астанада 50-ден астам мәдени, спорттық, әлеуметтік іс-шара өткізу жоспарланып отыр», — деп елорда әкімдігі хабарлайды. 29 тамыз күні «Астана қаласы мемлекеттік архиві» ММ-нің әлеуметтік желілерінде «Конституция – тұрақтылық пен өркендеудің негізі» атты виртуалды көрме өткізіледі. Сонымен қатар, осы күні Есіл өзенінің ...

Толығырақ »

Ұлттық өнер университетінің студенттері Берлинде өнер көрсетті

ҚазҰӨУ студенттері Берлинде өткен беделді симфониялық оркестрлер фестивалінде өнер көрсетті, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақ ұлттық өнер университеті студенттерінен құрылған өнер ұжымы Берлинде өткен «Young Euro Classic» фестиваліне қатысты. Фестиваль қатысушыларының репертуары белгілі еуропалық симфониялық шығармалармен қатар, музыкалық ұжымдардың қайталанбас өзіндік ерекшелігін көрсететін дәстүрлі композициялармен де толықтырылды. Бұл – Қазақ ұлттық өнер университеті Еуразиялық студенттік симфониялық ...

Толығырақ »

Дина Төлепберген кино түсіріп бастады

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген кино түсіріп жатыр. Тележүргізуші енді өзін басқа қырынан көріп жатырғанын, әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. «Бүгін режиссермін. Мидағы шектеулерді ысырып, кино алаңға келдім. Ескі дәурен, көне ғасыр, шынайылық шабыт сыйлады. Бір шеңберді айналып шаршадым ба, өзімді жаңа қырымнан көріп, тамсанып отырмын. Күтіңіздер, алда жаңа жоба! Жаңа деңгей, жаңа шың! Құтты қадамға қолдау білдірген кәсіби мамандарға мың алғыс!» ...

Толығырақ »