Басты бет » Жаңалықтар » АЛМАТЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ: ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА КӨРКЕМСУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

АЛМАТЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ: ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА КӨРКЕМСУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ

Шабытты шаһар, тарихи мекен, еліміздің мәдени астанасы – Алматы қаласының туған күніне орай Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры 7-12 жас аралығындағы мектеп оқушыларына «Алматы менің көзіммен» атты көркем сурет байқауын жариялайды.

Қатысушылар Алматы қаласының табиғаты, көрікті жерлері мен тарихи ғимараттары бейнеленген А3 немесе А4 пішіміндегі гуашьпен, акварельмен, түрлі түсті қарындашпен, фломастерлермен салынған 1 дана суретін ұсынады. Үміткерлер толық аты-жөнін, мектебі мен сыныбын ұсынылатын суреттің оң жақ төменгі бұрышына көрсетуі қажет. Айта кетейік, байқау жұмыстары 12 қыркүйекке дейін қабылданады.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 15 қыркүйек күні Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрының ғимаратында өткізіледі. Жеңімпаздар театр көркемдік кеңесінің шешімімен анықталады. Жүлделі орындарға ие болған оқушылар I, II, III дәрежелі дипломдармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады. Байқау нәтижеcіжәне қосымша ақпараттар театрдың www.puppet.kz ресми сайтында және Instagram әлеуметтік желісіндегі @kuyrshak_teatry парақшасында жарияланады.

Байқаудың мақсаты – оқушылардың Алматы қаласына деген сүйіспеншілігін оятып, шығармашылық қабілеттерін шыңдау және мерекенің маңызын дәріптеу.

Сурет өнерін түрлі бояумен сөйлеткен қылқалам шеберлерін аталмыш байқауға қатысып,бақ сынауға шақырамыз.Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!