Басты бет » Жаңалықтар » Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 10 күн қалды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 10 күн қалды

2024 жылдың 8-13 қыркүйегі аралығында Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізіледі. Жарысқа әлемнің 85-ден астам елінен 2000-нан астам спортшы қатысатын болады. Бұл туралы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының арнайы ақпараттық сайтында хабарланды.

Көшпенділер ойындарына бірінші кезекте халқы көшпелілер өркениетінің мұрагерлері болып келетін елдер қатысады. Ал Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің түкпір-түкпірінен, соның ішінде көшпенді емес елдерден де командалар қатысады деп жоспарланып отыр. Шамамен болжам бойынша, Астана қаласына 7 күнге созылатын жарыстарға 100-ден астам елдер келеді.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – этникалық спорт түрлерінен өткізілетін халықаралық спорт жарыстары.
Жарыстар Орталық Азияның тарихи көшпелі халықтарының ұлттық ойындарына негізделген. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының негізгі мақсаты – этноспорттық және этномәдени қозғалысты дамытуға бағытталған.

Көшпенділер ойыны 3 топқа негізделген: спорт, мәдениет, ғылым бойынша.
Бағдарлама аясында спорттың 21 түрі бойынша жарыстар өткізіледі. Олардың қатарында ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, жекпе-жектен жарыстар, дәстүрлі садақ ату, құс салудың ұлттық түрлері, ат үстіндегі сайыстар, халық ойындары болады. Ойындарда 97 медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Қатысушы елдердің делегациялары спортшылардан, сондай-ақ мәдениет және ғылым өкілдерінен құралады. Ойындардың ашылу рәсімінен бір күн бұрын Этноауылдың ашылуы өтеді. Этноауыл Қазанат ипподромына іргелес аумақта, шамамен 10 гектар жерде орналасады. Бұл күні «Астана – көшпелілердің астанасы» атты жарқын театрландырылған қойылым көрсетіледі. Шараға ДКО-ға келген шетелдік қонақтар мен халықаралық спорт ұйымдарының басшылары қатысады.

Еске салайық, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алғаш рет Қырғызстанда өткен. Чолпон-Ата қаласы халықаралық жарыстарды үш рет қабылдады:2014 жылы – 19 елден 10 спорт түрінен 583 спортшы. 2016 жылы – 62 елден 26 спорт түрінен 1 200 спортшы. 2018 жылы – 82 елден 37 спорт түрінен 2 000 спортшы. 4-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2022 жылы Түркияның Изник қаласында өткізілді. 82 елден 13 спорт түрінен 3 000 спортшы.