Ақтауда қазақ диаспорасы балаларының арасында қазақ тілі мен әдебиетінен ХХІ Халықаралық олимпиада басталды, деп жазды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. 19-23 маусым аралығында Ақтау қаласында қазақ диаспорасының балаларына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты XXI Халықаралық қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасы бастау алды. Оған Түркіменстан, Өзбекстан, Ресей, Иран және Қытайдан 50-ге жуық оқушы қатысуда. Мұндағы мақсат – ...
Толығырақ »Архив блога
«Табиғат аясында кітап оқу»: Сауатты ұрпақ тәрбиесі
Павлодар облысының Баянауыл ауданында «Табиғат аясында кітап оқу» республикалық семинары өтті. Семинарға 200-ден астам әдіскер, мектеп кітапханашылары, ғылыми-педагогикалық кітапхананың қызметкерлері, сондай-ақ ақын-жазушылар мен облыстық білім басқармасының өкілдері қатысты. Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Қарағанды облысынан келген әдіскерлер мен мектеп кітапханашылары өздерінің жұмыс жасау тәсілдерімен бөлісіп, қызықты квест-ойындар өткізді. Танымал туындылар, әңгімелер, ертегілер бойынша берілген тапсырмалар, буктрейлер әдісі әсіресе қызықты болды. ...
Толығырақ »7 420 түлек «Алтын белгі» иегері атанды
2024 жылы 11 сыныпты 186 мың түлек аяқтады. Оның ішінде 7420 адам «Алтын белгі» белгісімен марапатталды, ал 13 727 түлек жалпы орта білім туралы үздік аттестат алды. Қолдарына мектеп бітіру құжатын алған жас түлектер мамандық таңдауда қателеспеуі қажет. Бейімі бар, өзі қалаған мамандықты таңдағаны абзал. Бұл – әр адамның болашағына жасаған ең үлкен қадамы. 2024-2025 оқу жылында қандай мамандықтар ...
Толығырақ »Отбасы сәні – сыйластық
Отбасы – мемлекеттің басты тірегі. Сондықтан отбасындағы сыйластық пен жарасымдылық – елдің басты құндылығы саналады. Әрбір отбасы осы қағиданы берік ұстанса, ел іргесі берік болмақ. Осы орайда отбасы беріктігі, шаңырақ шаттығы туралы көпбалалы отбасы Әлібек Оңдасынұлы мен Бағила Сәрсенбайқызымен әңгімелестік. Отбасы Ақмола облысы Степногорск қаласында тұрады. Әлібек пен Бағила бес бала өсіріп, тәрбиелеп отыр. Отағасы үй жөндеу жұмыстарымен айналысса, отанасы ...
Толығырақ »Қуыршақ театрында 88-ші маусымның жабылуы: Николай Гогольдің «Шекпен» және Шарль Перроның «Етік киген мысық»
Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры мерейлі 88-ші маусым шымылдығын 29 маусым күні сағат 12:00-де француз жазушысы Шарль Перроның әлемге әйгілі балаларға арналған «Етік киген Мысық» ертегісімен және жасөспірімдер мен ересектерге бағытталған белгілі классик қаламгер Николай Гогольдің «Шекпен» спектаклімен жабылады. Тамырлы тарихы ғасырға жуық Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры үшін 88-ші маусым тағылымды қойылымдарға, жарқын жеңістерге, зор жетістіктерге, жағымды жаңалықтарға толы елеулі сәттерімен ...
Толығырақ »ҰБТ: Пилоттық жоба аясында 300 грант бөлінеді
Ғылым және жоғары білім министрлігі осы жылғы ҰБТ-ның нәтижесі бойынша оқу орнына тапсыра алмай қалған жас түлектердің арасында 300 грант тағайындалатынын хабарлады. Комитет мамандары тағайындалған гранттар ҰБТ нәтижесі арқылы жоғарғы балл жинап, дегенмен де, грантқа түсе алмай қалған жас түлектерге конкурстық негізде берілетінін айтты. Жоғары білім беру комитеті тағайындаған сараланған гранттар рет болып отыр. Министрдің 118 бұйрығына сәйкес, пилоттық гранттар ...
Толығырақ »Ұлттық дәстүр деген не?
Салт-дәстүр дегеніміз – ежелден ата-бабамыздан жалғасып келе жатырған ұстанымдар. Салт-дәстүр ежелден наным-сенімге, дүниетанымға байланысты қалыптасып отырған. Ал оларды қоғамдағы атқарып отыратын қызметке қарай отбасылық және әлеуметтік деп қарастыруға болады. Мәселен, отбасылық дәстүрде кішкентай нәрестенің дүниеге келуі, тәлім-тәрбиесі, келін түсіріп, қыз ұзату немесе өлім-жітім мәселесін жатқызуға болады. Ал әлеуметтік дәстүрлер түріне бүкіл ел болып тойлайтын әдет-ғұрыптарды айтуға болады, оның ішінде, наурыз ...
Толығырақ »Психологиялық тест: ҚАЙ СӨМКЕНІ ТАҢДАЙСЫЗ?
Басқалардан қандай ерекшелігіңіз бар екенін білгіңіз келсе, суреттен бірінші назарыңызды аударған сөмкені таңдаңыз. №1 сөмке Бірінші болғыңыз келеді. Әрқашан өзіңіздің орныңыз үшін күресесіз. Жұмысқа көп күш жұмсайсыз. Басқалар сізді құрметтейді және бағалайды. Сіз өтірікті жек көресіз және өтірік айтқан адамды кешірмейсіз. Сіздің артықшылығыңыз: ешқашан еңсеңізді түсірмейсіз, сенімді жоғалтпайсыз, өзіңізге сенесіз. №2 сөмке Жалғыздықтан қорқасыз. Адамдармен қызықты тақырыпта әңгіме айтқанды жақсы ...
Толығырақ »«Тексіздіктен туған ерсілік»: Киіз үйде бейәдеп би билеп, ұятсыз әрекетке барғандарды жазалау қажет
Фото: видеодан скриншотталды Қазақтың қасиетті әрі киелі баспанасы киіз үйде ерсі қылық шығарып, ұятсыз би билеген жастардың видеосы жұртшылықтың наразылығын тудыруда. Ұлттық киім киіп, бейәдептілікке барғандар жазасыз қалмауы керек деген пікірде әлеуметтік желі қолданушылары, деп жазды Jastar janary. «Бізде ұлттық идеология бар ма өзі? Неге әркім білгенін істеп жүр? Абылай туған, Абай туған кигіз үйде жартылай жалаңаш қыздар билеп жүр ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМІНІҢ 40 УНИВЕРСИТЕТІНЕ ШАҚЫРТУ АЛДЫ
Түркістан білім-инновация лицейінің оқушысы Абдурахманов Ислам әлемнің 40 университетіне грант жеңіп алды. Ол БАӘ, АҚШ, Англия, Польша, Малайзия, Швейцария мемлекеттеріндегі қалаған жоғары оқу орнының студенті атана алады. Ислам 7-ші сыныптан бастап түрлі білім сайыстарында жетістіктерге қол жеткізді. Интеллектуалды жарыстарды негізге алып, олардың ішінде шахматпен ерекше айналысты. Соның аясында қалалық және облыстық деңгейде өткен түрлі жарыстарда алтын мен қолаға қол жеткізді. ...
Толығырақ »