Басты бет » Жаңалықтар » 1 алтын, 3 күміс: Қазақстандық студенттер фристайл-могулдан Дүниежүзілік қысқы универсиадада үздік көрсеткіш көрсетті!

1 алтын, 3 күміс: Қазақстандық студенттер фристайл-могулдан Дүниежүзілік қысқы универсиадада үздік көрсеткіш көрсетті!


Қыздар арасындағы жұптық фристайл-могулдың финалына екі қазақстандық студент-спортшымыз шығып, 1 орынды Қазақ спорт және туризм академиясының 3-курс студенті Анастасия Городко иеленді. Ал күміс медаль әл-Фараби атындағы докторант 1-курс студенті Аяулым Әмреноваға тиесілі болды. Сонымен қатар ерлер арасында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 3-курс студенті Антон Бондарев универсиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Парашаңғышы Денис Зинов Универсиада ойындарында күміс медаліне ие болды. Отандасымыз парашаңғышылар арасында 10 км еркін жүрістен мәреге екінші болып келді. Осылайша, әзірге Қазақстан қоржынында 1 алтын, 3 күміс бар.