Парижде өтіп жатқан Паралимпиадада пауэрлифтингтен Давид Дегтярев алтыннан алқа тағынып, екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды. 54 келі салмақ дәрежесіндегі параспортшымыз Токио паралимпиадасында да жеңіс тұғырына көтерілген болатын. Сондай-ақ кеше парадзюдошымыз Ақмарал Науатбек да Паралимпиада ойындарының чемпионы атанып, алтын алды. 48 келі салмақта бақ сынаған Ақмарал финалда француздық қарсыласы Сандрин Мартинені айқын басымдықпен жеңді. Сондай-ақ бүгін тағы бір параспортшымыз Дастан Мұқашбеков ...
Толығырақ »Архив блога
Мұрат Савельев: Жақында Қазақстанға ораламын деп үміттенемін
Белгиялық отбасы асырап алған Мұрат Савельев (Жәнібек) Қазақстанның көркем табиғатында атқа мініп нағыз көшпенділер сияқты жүрісі келетіндігін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. «Менің қымбатты достарым! Анам қайтыс болғанда, қолдауларыңыздан жылу сездім, менің ешқашан жалғыз қалмайтынымды тағы бір рет дәлелдедіңіздер. Жылы сөздеріңіз бен әдемі тілектеріңізді маған күш берді, рақмет«, – дейді Жәнібек. Ол жақын арада Қазақстанға келуге үміттенетінін және барша өзін қолдаушылармен ...
Толығырақ »Халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға Air Astana қызметкері дөрекі сөйлеп, бортқа кіргізбеген
Қазақстанның халық әртісі, аты аңызға айналған әнші Бибігүл Төлегеновны Air Astana қызметкері бортқа кіргізбей әрі дөрекі сөйлеген, 95 жастағы денсаулығы сыр берген атақты әншіні тани тұра міз бақпаған. Бұл туралы azattyq-ruhy.kz порталы жазды. Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев Бұл оқиғаға байланысты Air Astana әуе компаниясының президенті Питер Фостерге арналған ашық хат әлеуметтік желіде жарияланды. Еліміздегі ірі әуе компаниясының қызметкері ...
Толығырақ »Актер Нұрсұлтан Жақсыген екінші рет шаңырақ көтермекші
Жақында бірінші жарынан ажырасқан актер Нұрсұлтан Жақсыген әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы уақытта жаңалық болатыны жайлы хабардар етті. «Алланың қалауымен жүректер тыныштық табатын мекенге қайта келдім. Жаңбыр жауғанда дұғалар сөзсіз қабыл болады дейді. Жүрегімдегі барлық нәрсені айтып, ерекше сезімде болдым. Түрлі сынақ келсе де мойымайтын мінез, жалғызсырамайтын жүрек бергеніне шүкір дейін. Дұғамды айтып жатқанда шынайы бақытты сезіндім, жүрекпен қабылдаған шешімнің барлығы ...
Толығырақ »Елімізде колледждер базасында шағын кәсіпорындар құрылуда
Қазақстандық колледждер базасында студенттердің кәсіпкерлік, бизнес-жоспарлау және стартап жобаларды дамыту бойынша білім алуына жағдай жасау мақсатында шағын кәсіпорындар құрылуда, деп хабарлады Jastar janary Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратына сүйеніп. Енді колледждер өз базасында шығарған тауарлар мен қызметтерден табыс таба алады. Студенттер жиһаз жасау, тігін тігу, кондитерлік және нан-тоқаш өнімдерін пісіру секілді кәсіптерді игере отырып, оны кіріс көзіне айналдыру дағдыларын да меңгереді. «Бұл ...
Толығырақ »«Алтайдың ар жағынан келген ару» әнінің алғашқы орындаушысы кім?
Танымал әнші Мақпал Жүнісова «Алтайдың ар жағынан келген ару» әнінің тарихын еске алып, әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. «1989 жылы осы әннің авторы, марқұм Тұрсынғазы Рахым арнайы мені телеарнаға шақырды. Сол уақытта ағамыз телеарнада қызметте болатын. «Мақпалжан, осы әннің тұсауын өзің кесіп бер» деді. Ал мен «Ойбу, аға! Бұл жігіттер айтатын ән ғой. «Алтайдың ар жағынан келген жігіт» деп жазғаныңызда айтар ...
Толығырақ »ENU түлегі студенттерге атаулы гранттар табыс етті
Кезекті оқу гранттарын университет студенттеріне ENU түлегі Ержан Тастамбеков табыс етті. Ол – Zebra Coffee кофеханалар желісінің негізін қалаушы және иесі. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін бес талантты бірінші және екінші курс студенттеріне бір жылдық тегін оқу сертификаттары берілді. Айта кетейік, өткен жылы меценат ЖОО білім алушыларына 6 атаулы грант тағайындады. ENU стратегиялық даму жөніндегі проректоры Думан Айтмағамбетов кәсіпкерге басшылық пен ...
Толығырақ »Зергерлік бұйымдар ұлтымыздың келбетін айшықтайды
Қазақтың зергерлік бұйымдары бұрынғы ата-бабамыздан осы кезге дейін жалғасып келе жатырған, қазақилығымыздың айқын көрінісі іспетті. Қазақтың құлаң шашты, қос бұрымы өріліп, шашында сылдырлаған шашбауы мен ұлттық нақыштағы киімі, оған қоса көркіне одан әрі рең беретін бұл – зергерлік бұйымдар. Зергерлік – қастерлі де киелі, қасиеті жоғары кәсіптің бір түрі. Ол – екінің бірінің қолынан келе бермейтін ерекше өнер. Қазақ зергерлерінің ...
Толығырақ »АЛМАТЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ: ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА КӨРКЕМСУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ
Шабытты шаһар, тарихи мекен, еліміздің мәдени астанасы – Алматы қаласының туған күніне орай Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры 7-12 жас аралығындағы мектеп оқушыларына «Алматы менің көзіммен» атты көркем сурет байқауын жариялайды. Қатысушылар Алматы қаласының табиғаты, көрікті жерлері мен тарихи ғимараттары бейнеленген А3 немесе А4 пішіміндегі гуашьпен, акварельмен, түрлі түсті қарындашпен, фломастерлермен салынған 1 дана суретін ұсынады. Үміткерлер толық аты-жөнін, мектебі мен ...
Толығырақ »«Елорда жастары» бағдарламасы қыркүйекте бастау алады
Биыл 4 қыркүйек сағат 9:00-ден бастап 2024 жылғы 10 қыркүйек сағат 23.59-ға дейін «Елорда жастары» жеңілдікті кредиттеу бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады. Бұл туралы Jastar janary порталы хабарлайды Dauletten.kz ақпараттық-танымдық сайтынына сілтеме жасап. Өтінімдерді қабылдау электронды түрде birge.astana.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Бұл бағдарлама «Отбасы банк» АҚ арқылы елордада бастапқы/қайталама нарықта өз пәтеріңізді сатып алуға мүмкіндік береді. Бағдарлама бойынша банк беретін ...
Толығырақ »