Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, 20 наурыз күні сағат 11:00-де Наурыз мейрамына орай барлық мектепте республикалық челлендж өтеді.
Шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылығын қалыптастыру, ұлттық мәдени мұраны сақтау және балалар арасында домбыра өнерін насихаттау.
«Оған барлық оқушы қатыса алады. 2023 жылдан бастап челлендж барлық білім беру ұйымдарында ұйымдастырылып келеді және ол маңызды мәдени оқиғаға айналды. Челлендж «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы мен «Наурызнама» іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылады», — дейді министрліктің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Ерлан Қалмақов.
Айта кетейік, Наурыз мейрамын мерекелеу 14-23 наурыз аралығында еліміздің барлық мектебінде өтеді.
@qazaqstantv