Былтыр Қазақстанда 8268 егіз бен 151 үшем дүниеге келді. Фото: baribar.kz Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, егіздер саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр – 1185 егіз. Одан кейін Алматы облысы мен Алматы қаласы, сәйкесінше 782 және 756 егіз. Үшемнің туу көрсеткіші бойынша үздік үш өңір: Түркістан облысы – 24 үшем, Алматы қаласы – 21 және Астана қаласы – 18 үшем. @qazaqstantv
Толығырақ »Архив блога
Жастар «TAU FEST» лагерінде бас қосты
Түркістан облысындағы «Тау самалы» демалыс орнында студенттерге арналған «ТAU FEST» лагері өтті. Оған Шымкент, Атырау, Қызылорда, Жетісу, Жамбыл, Түркістан облыстарынан 300-ге жуық белсенді жас қатысты. Лагерьге облыс әкімі Дархан Сатыбалды да арнайы келіп, жастармен кездесті. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған көшбасшы жастардың басын біріктірген шараға арнайы қатысып, жастармен пікір алмасты. Қазақстан жастарының ынтымақтастығы мен бірлігін арттыруды, танымдық қызығушылықтарын ...
Толығырақ »Жастар ресурстық орталығын дамыту ісі депутаттар назарында
Мәжілістегі «AMANAT» партиясының фракция мүшесі Нартай Сәрсенғалиев бастаған бір топ депутат Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсеноваға Жастар ресурстық орталығын дамыту туралы депутаттық сауал жолдады. Бүгінгі депутаттық сауалым еліміздің ертеңі үшін жанын салып қызмет қылып, айлығы шайлығына жетпей, тұрмыстық тауқімет тартса да тартынып қалмайтын жастардың мұң-мұқтажы туралы. Қазақта: «Жақсы жастан шығады, Темір тастан шығады» деген аталы сөз бар. Бірақ біз ...
Толығырақ »Мемлекет басшысы Астанадағы «SANA» оқушылар сарайына барды
Мемлекет басшысы Астана қаласындағы «SANA» оқушылар сарайын аралап көрді. Бес қабатты заманауи ғимаратта 5-17 жас аралығындағы жеткіншіктерге арналған 60-тан астам үйірме мен спорт секциялары жұмыс істейді. Олар техникалық шығармашылық, сәндік-қолданбалы өнер, әлеуметтік ғылымдар, музыка және хореография, спорт секілді бірнеше бағытқа бөлінген. Орталық бір мезгілде 700 баланы қабылдай алады. Аумағы 7500 шаршы метр ғимаратта соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған оқу кабинеттері, жүзу ...
Толығырақ »Ақтөбеде «Ахтанов алаңы» театр форумы өтті
24-29 қыркүйек аралығында Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының ұйымдастыруымен, қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Тахауи Ахтановтың 100 жылдық мерейтойына орай республикалық «Ахтанов алаңы» театр форумы өтті. Әр театрдан келген қатысушыларға халықаралық деңгейдегі кәсіби мамандар дәріс берді. «Режиссурадан» – Әлібек Өмірбекұлы, «Грим» бойынша Аягүл Шалғымбаева, «Хореография» – Анна Цой, «Актер шеберлігінен» – Гүлназ Балпейісова, «Сценография» және «Сахналық костюм суретшісі» мамандығынан Хисматуллина ...
Толығырақ »Кеңес РАҚЫШЕВ: Төрешілердің аса әділетсіз шешіміне қатысты өрескел оқиға орын алды
Асланбек Шымбергенов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. 71 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Асланбек төрешілердің шешімі бойынша 2:3 есебімен жапониялық Севон Окадзаваға есе жіберген еді. Осы кездесудің нәтижесіне қатысты пікір білдіріп, төрешілер шешіміне қарсылық танытқан Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев әлеуметтік желіде жазба жариялады. Кеңес Рақышев: Төрешілердің Азия ойындары тарихындағы ең әділетсіз шешімі! Құрметті жанкүйерлер, әлем чемпионы, Қазақстан құрамасының ...
Толығырақ »«Алланың өз есебі бар». Ерке Есмахан ажырасу туралы айтты
Әнші Ерке Есмахан ажырасуға қатысты пікір білдірді. Иә, алда не күтіп тұрғанын ешкім білмейді. Сол үшін абайлап сөйлеп, аңдап басқан жөн. Алланың өз есебі бар. Мен өз темамды айта кетейін. Қарап тұрсаңыздар, біздің жас аралығымызға көбі тиіседі. Мысалыға, жастары қатарлас, күйеуі үлкен немесе әйелі, жас жұптар мәңгі бақи бірге болады, бақытты болады, ажыраспайды деген қағида жоқ қой?! Өмірде куә боп ...
Толығырақ »Халқымыз 20 миллионға жетіп қалды
Қазақстан халқының саны 19 944 726 адамға жетті. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша: Қала тұрғындары – 12 368 662 адам; Ауыл тұрғындары – 7 576 064 адам. Ерлер саны – 9 738 769; Әйелдер саны – 10 205 957. @qazaqstantv
Толығырақ »Ұстаздар арасында зияткерлік сайыс өтті
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде еңбегі зор. Осындай құрметті мамандық иелеріне арналған зияткерлік сайыс өткізілді. Орал қалалық ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен “Қазақша Quiz” тақырыбы таңдалған додада шаһардағы мектепердің жас ұстаздары бой көрсетті. «Жауап», «Біз білетін өлең», «Тұлғаны тап», «Кино көрем», «Бәс» барлығы ...
Толығырақ »Аягүл Миразова: ҚАЗАҚ ҚАН ЖҰТҚАН ҚАЙҒЫНЫҢ ОРТАСЫНДА ДА ҚАРА ТҮСТІ КИІМ КИМЕГЕН!
Білім саласында байырғыдан келе жатқан, үлгі аларлық, өнеге боларлық мектептің киім үлгісі бар. Тәуелсіз ел атанғанға дейін де оқушы атанған жастар арнайы мектеп формасын киді. Содан оқушылар білімсіз, тәрбиесіз, тіпті дінсіз болды дей аламыз ба? Олардың иманының әлсіреуіне, білімінің төмендеуіне мектеп формасы әсер етті деу қисынды ма? Әрине жоқ! Сапалы білім алды, өнегелі тәрбиемен есейді мектеп қабырғасында олар. Әлі де ...
Толығырақ »