Басты бет » Авторские архивы: admin (страница 110)

Архив блога

Айнұр БАЗАРОВА: «Ең көп еститін сөздеріңіз «кешіріңіз» бен «рахмет!»»

Қараша айында «Болашақтың» бағдарламасының құрылғанына – 25 жыл толды. «Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен құрылған болатын. Осы жылдар ішінде алдарын биік мақсат қойып, арман арқалаған мыңдаған қазақ жастарының қиялына қанат бітірді, болашағына кең жол ашты. Әлемнің жетекші оқу орындарында білім алуына зор мүмкіндіктер сыйлады. Сондай «білсек, көрсек, үйренсек» деп «Болашақты» таңдаған жастардың қатарында ерлі-зайыпты Әлібек ...

Толығырақ »

Көргенсіздікті көрегендікпен шешейік!

Соңғы кездері қазақ (қазақ болмаса да) қыздарының әлеуметтік желілерге жалаңаштанып сурет, видео жариялау үрдісі белең алып барады. Сол ұятсыздықтарды біз өзіміз көбейтіп, өзіміз соларды масқаралаймыз, ұялтамыз деген сыңайда желіде таратып, керісінше «жарнамалап» отырмыз ба деген ой туады. Өйткені, олар бұл қылықтарына ұялмайды, ұялатын болса ондай суреттер мен видеоларға түсіп, желіге шығармас еді. Ал біз сол ұятсыз жарияланымдарын желіде бөлісіп, түрлі ...

Толығырақ »

Сарбаздың хаты

Алдыңғы мақаламда әскерге қалай келгенімді жан-жақты жазған болатынмын. Бүгінгі сөз ұлттық ұлан сарбазының бір күні және маңызды нәрселер туралы болмақ. Сізге ұнайтынына сенімдімін. Ендеше, оқып көріңіз. 5513 әскери бөлімінің әр сарбазы өзіне тапсырылған міндеттерді тиянақтылықпен орындайды. Ерте тұру – сарбаздың дағдысы, әскердің өзгермейтін заңы. Таңғы сағат 06:00-де ұйқыдан тұрып, 06:05-те батальон алдына сапқа тұрамыз. Кезекші офицер пәрмен бергеннен кейін жорықтық ...

Толығырақ »

1986 жылғы желтоқсанның «ызғары»

2016 жылы  елімізге белгілі дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Сайлау Батырша-ұлының өмірі мен қызмет жолы, Кеңес дәуірі мен тәуелсіз  еліміздің ішкі-сыртқы саясаты туралы жазылған «Тәуелсіздік жолындағы дипломатия» атты еңбек жарық көрген болатын. Ал осы жолы аталған кітап толықтырылып, 2-басылым ретінде қайта жарыққа шықты.  Батырша-ұлының аты аталғанда ойымызға бірінші кезекте «дипломат» деген атау оралады. Себебі, онымен қазақ дипломатиясы бүтіндей егіз ұғым. ...

Толығырақ »

ЖАСАНДЫ ТҮСІК – ҚАЗАҚҚА ЖАТ ТҮСІНІК

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қыз балаларға 16 жастан бастап ата-анасының келісімін алмай-ақ, жасанды түсік жасата беру туралы жобаны ұсынып, заң жүзінде бекітіп алмақшы. Ал қазіргі біздегі қолданыстағы ережелер бойынша кәмелетке толмаған қыз балаларға мұндай медициналық көмек көрсету үшін ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімі міндетті түрде керек. Министрліктің бұл ұсынысы жария болысымен-ақ халық арасында қызу талқылау басталып кетті. Ол түсінікті де, ...

Толығырақ »

ЖЕЛТОҚСАН ТАЯП ҚАЛДЫ…

Міне, тағы Желтоқсан… таяп қалды, Дұға қылып, арнаймыз аяттарды, Алаңда… қызыл қанға бояп қарды, Қызыл Одақ қанменен тояттанды. Сол қырғын, ұлт намысын оятқан-ды, Мансұқтап қанмен жерді боятқанды, Бар қазақтың баласы тас түйін боп, «Елім үшін жан пида!» деп аттанды. Қазаққа қарсы қару тағы оқталды, Бейбіт жұртқа бес қару жарақтанды. Көз көрді қызын итке талатқанды, Халыққа аязда су боратқанды. Билікке қойды ...

Толығырақ »

Анар РАХЫМЖАНОВА, Желтоқсан оқиғасына қатысушы: «ӨН-БОЙЫМНАН ЖЕЛТОҚСАННЫҢ ЫЗҒАРЫ КЕТКЕН ЖОҚ»

  1986 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы Д. Қонаев орнынан алынып, ол қызметке Г. Колбин тағайындалды» деген хабар қазақ елінің жаппай наразылығын туғызды. Үкіметтің бұл шешіміне келіспей, қазақ жастары саяси тәуелсіздікті талап етіп, орталық алаңға шықты. Бірақ бейбітшілікті талап еткен жалынды жастар мұздай қаруланған әскери топтың аяусыз таяғына тап болды. Иә, желтоқсан оқиғасы талай боздақтың тағдырын қиып, өмір ...

Толығырақ »

«КИНОНЫ ҚАЗАҚША КӨРГІМ КЕЛЕДІ!»

«Еліміздің кинотеатрларында қазақ тіліндегі кино мен анимациялық фильмдерді ыңғайсыз уақытта және тым аз көрсетеді. Бұл — қазақ тілді көрерменнің, тұтынушы құқығын бұзу. Осыны біле тұра ешқайсымыз не заңға жүгініп, не басшылығына айтып талап етпейміз. Тәуелсіз, дербес мемлекетте емес, өзгенің елінде тұрып жатқандай күйдеміз. Заң біз жақта, қазақ тілі жағында, тек сауатты талап етіп, жұмыла білсек болғаны. Кез келген ұлы жетістік ...

Толығырақ »

ҚАЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВТІҢ ТҮРМЕДЕ ЖАЗҒАН ХАТЫ

23.09.87 ж. Дүниедегі ең сұмдық зұлымдықты сот алдында азамат сотынан көрдім. Әділетсіздікпен сот кәрін септі, жас гүлге өлім септі, зұлымдықпен атып тұрды да, «ату жазасы» деп жас жүрекке найзаны сұқты-кетті. «Өспей жатып – өшу, жанбай жатып – сөну» деген осы да. «Бақ түссе – маңдайымнан, тас түссе – талайымнан», көріп алдым, маған өлім қорқынышты емес, өйткені адалдығым одан биік тұр. ...

Толығырақ »

Хайп жасау айып па?

немесе ақпараттық-сараптамалық бағдарламалардың деңгейі қандай? Салмақты тұлғалар бағдарламаға да салмақ қосады Ақпарат құралдарының негізгі міндеті жаңалық тарату екені рас. Бірақ жаңалық табан астында-ақ әлеуметтік желілер арқылы тарап жатқандықтан, журналистерге талап күшейіп, бәсеке бәсі артатынын ешкім жоқ­қа шығара алмайды. Жаңалықты қатесіз беру, қаптаған деректердің арасынан керек мәліметтерді іріктеп таңдап бере білу, ақпаратты саралап, дұрыс пайым жасау, дер кезінде жеткізу… – осы ...

Толығырақ »