Басты бет » Жаңалықтар » Тұсқағаздардың таңғажайып тарихы

Тұсқағаздардың таңғажайып тарихы

Бөлмені сәндеуде қолданылатын тұсқағаздардың өз ғажап тарихы бар. Ең алғашқы тұсқағаздар б. З. Д. ІІ ғасырда Қытайда қолданылған деген деректер кездеседі. Олар бүгінгі қолданыстағы орама түсқағаздан әлдеқайда өзгеше, ең ежелгі үлгілері қолмен салынған әрі үлкен қағаз бөліктері болған.

Бірінші баспа тұсқағаздары 1509 жылы шыққан. Олар Англияда жасалған, алайда ол кезде орам күйінде емес, «кесек» тұсқағаздар болды. 1675 жыл қайталанған өрнек арқылы суретті түсіруді айтарлықтай тездеткен ағаш баспа қалыптарын дайындаудың басы болып саналады.

2

XVII-XVIII ғасырларда Францияда қағаз тұсқағаздармен қатар жібек тектес материалдан жасалған, мата тұсқағаздар танымалдыққа ие болды. Жууға болатын тұсқағаздар да ерте кезде пайда болған. Ол 1858 жылы патенттелген.

3
Америкада тұсқағаздарды қолданудың басталуы 1739 жылға сәйкес келеді. Ал 1778 жылы тұсқағаз орамының ұзындығы 34 футты (10,4 м) құрауы тиіс деген XVІ Людовиктің жарлығы шықты. Тек 1799 жылы ғана қағаз орамдарын жасап шығаратын машина ойлап табылды. Бұл бірден жүзеге аса қоймады. Шамамен жарты ғасырдан соң Францияда суреті типографиялық тәсілмен салынған орам пайда болды. Міне, осыларды ғана алғашқы тұсқағаз деп атауға болады.

4

Ресейде тұсқағаздар ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қолданыла бастады. Бірінші фабрика Петербургте салынды. Бүгінде әртүрлі тұсқағаздардың түрі мен көптігіне тамсана қараймыз, бірақ қағаздан жасалған тұсқағаздың да өзектілігі әлі жойылған емес.

5

Алғашқы фототұсқағаздардың сәнді толқыны бізге 20 жыл бұрын келді. Бұндай «жақсартылған» тұсқағаздар үлкен, кіші қалалардың көптеген тұрғынының үйі мен жүрегін баурап алды. Саны жағынан аз болғандықтан, фототұсқағаздар үшін суретті таңдау мүмкіндігі де төмен болды. Бүгін жағдай түбірімен өзгерді – белгілі бір адамның үйінің қабырғасына анықталған суретті жасауға қабілетті мамандар пайда болды. Фототұсқағаздар түрлі интерьерге тамаша орнығады, әйелдер қауымы, көбінесе, гүл суреті салынған фототұсқағаздарын таңдайды.

6

ХІХ ғасырда Парижде француз суретшісі және литографы Жюль Шере плакат ісінің, баспа шеберлігінің, заманауи фототұсқағаздардың негізін салды.

Шеренің өз литографиялық ұстаханасы болған және бүкіл өмірінде театр, цирк алаңдары мен кафелерге арналған 1500-ден аса плакат пен пострелер жасады. Осы ретте тағы бір француз ақсүйегі әрі суретшісі Анри Лотректі атап өткеніміз жөн болар. Бұл екеуі де график және декоратор болған, әрі бір-бірінің жұмысына жақсы әсер ете білген. Шере заманауи постердің прототипін ұсынып, ең бірінші болып жұмысын бастады. Плакаттағы сәтті жарнаманың негізгі принциптерін анықтаған да сол еді. Бұл жағдай ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін созылды. Үлкен форматты қағаз төсемдерде басудың кейінгі дамуы, әсіресе, граф Тулуз-Лотрек литографияға қанық, көздің жауын алар түстерді енгізген соң, нағыз өнердің деңгейіне жетті. Осы адамдардың арқасында бүгін біз түрлі-түсті үлкен форматтағы суреттерді тамашалап жүрміз.

Тарихи фактілер

Жюль Шере мен граф Лотрекке дейін тағы бір француз суретші-миниатюрисі Жан Бурдишон 50 орам қағазға сурет салған. Ол көгілдір тұсқағазға періштелерді салды. Бұл жұмысы патша ХІ Людовиктің резиденциясының декоративті безендірілуіне қолданылған. Бұдан кейін осындай үлгімен ақсүйектер арасында таңдаулы үйлер безендіріле бастады. ХVIII ғасырдың ортасында Филадельфия баспагері Флисон Планкет кішігірім тәжірибе жасаған болатын. Ағаш пішімнің көмегімен қағаз төсемге өрнек түсірді де, кейін қолмен безендірді. Осылайша, қабырғаға арналған қағаз безендіргішті ойлап табу жолындағы тағы бір сәтті талпыныс болды.

7

Заманауи фототұсқағаздар ылғалды кері итергіш қасиетке ие екендігін көпшілік біледі. Ең алғаш тұсқағазды бұндай ерекшелігіне қарай Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бөлді. Технологиялардың дамуы тұсқағаздың жұмсақ ысқышпен мұқият сүртуге болатын берік үлгілерін шығаруға мүмкіндік туғызды. Бұл безендіру жабындарының тұтынушы нарығындағы тұсқағаздардың жаңа типін анағұрлым көбейтті.

9

Бүгінде фототұсқағаздар сәнді әрі танымалдылыққа ие. Тұсқағаздағы принттердің қызықсыз және біртектес болуы ертеректе болған. Өндіріс технологиялары жақсы жағына қарай өзеріп, қазір көптеген бейнелі суретке құмарлар өз үйін сапалы әрі шынайы фототұсқағаздармен жаңарту мүмкіндігіне ие болып отыр.

10

11

12

13

Дайындаған: Ақтоты Борисқызы
Негізгі дереккөз: http://billionnews.ru/

Пікір жазу