Атырау облысы Махамбет ауданы Сарайшық ауылы «Сарайшық» тарихи-мәдени мұражай-қорығының аумағында орналасқан сапар орталығының ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев, мәдениет қайраткерлері, ардагерлер, басқарма басшылары, қоғам белсенділері, жергілікті тұрғындар қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Салтанатты шара Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры актерларының театрландырылған прологымен ашылды. Кейін Асхат Оралов сөз сөйлеп, ...
Толығырақ »Ұлттық құндылық
Қазақ үшін «7» саны неге қасиетті?
Жеті қазына: Ер жігіт Сұлу әйел Ақыл, білім Жүйрік ат Қыран бүркіт Берен мылтық Жүйрік тазы. Жеті жетекші: Адамның басшысы – ақыл, Жетекшісі – талап. Жолаушысы – ой. Жолдасы –кәсіп. Қорғаны – сабыр. Қорғаушысы – мінез. Сынаушысы – халық /Саққұлақ би/. Жеті ғашық: Ләйлі – Мәжнүн Фархад – Шырын Таһир – Зуһра Арзу – Қамбар Уәлік – Ғарра Уәки – ...
Толығырақ »МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР: Атамекен. Ел. Халық
Алтын, күміс жауған жерден де Туып-өскен ел артық. Аспандағы бұлтқа қарама, Жердегі жұртқа қара. Айырылған ел азады, Қосылған ел озады. Айырылған болсаң еліңнен, Қуатың кетер беліңнен. Айырылсаң үйіріңнен, Қолың кетпес бүйіріңнен. Адассаң, еліңмен адас. Аз болды деп күйінбе, мая болса, қайтесің, Көп болды деп қуанба, зая болса, қайтесің. Аздың атасы бір, Көптің батасы бір. Аздың азаншысы болғанша, Көптің қазаншысы бол. ...
Толығырақ »ҚОСШЫДА ҚАЗАҚ КЕЛІНДЕРІ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қосшы қаласында «Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай!» атты қалалық байқауы өтті. Ұлттық құндылықтарды насихаттау, отбасының алтын діңгегін нығайту бүгінде аса маңызды. Бұл дәстүрлі байқау Қосшы қаласында жыл сайын Әз наурыз мерекесіне орай өтіп отырады. Өткен жылы «Жақсы ене – тынысың, жақсы келін – ырысың» деп аталатын ене мен келін байқауы өткен болатын. Осы жолы өткен сайыс келіндердің ізеттілігін, инабаттылығын бағалап, жас ...
Толығырақ »Қошқармүйіз оюында қандай сыр бар?
Қошқарды қазақ қатты қадірлейді. «Бурада айдаһардың екі түгі, қошқарда бір түгі бар, сондықтан адамға айбарлы көрінеді» деп есептейді. Қошқар мүйізді өрнектер қазақ ою-өрнектерінде өте көп кезігеді. Ол қуаттылықтың, жақсылықтың, молшылықтың белгісін білдірген. Ұрпақтарының осындай болуын арман еткен адамдар бала-шағаларына арнап жасаған бұйымдарына қошқармүйіз өрнегін көп түсірген.
Толығырақ »ҰЛДАН ЖӘНЕ ҚЫЗДАН ӨРБІГЕН ҰРПАҚ ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?
Сурет ашық интернет көзінен алынды Өзінен өрбіген шежіре жалғастыратын ұрпақты қазақ – «Ұл» деген. Ұлдан туған бала — Немере. Немеренің ұрқы — Шөбере (Немелтай). Шөберенің ұрқы — Шөпшек. Шөпшектің ұрқы — Немене. Немененің ұрқы – Жүрежат (кейде некеге рұқсат берген) Жүрежаттың ұрқы — Туажат (некеге рұқсат) Туажаттың ұрқы — Жекжат. Жекжаттың ұрқы – Жамағайын (ұрқыға айналады). Жамағайынның ұрқы – Жұрағат ...
Толығырақ »ҚАЗАҚТЫҢ СЫРҒА ТАҒУ ДӘСТҮРІ
Сырғаны қай жаста тағады? Сырға – қыз-келіншектердің құлаққа тағатын сәндік әшекей бұйымы. Құлағында сырғасы жоқ қызды көргенде көңілің алабұртып қалатыны да рас. Ол бейнебір әйел жаратылысының егізі іспеттес. Содан да болар ата-ана қызының құлағын тесіп, сырға салуға асық болады. Қазіргі таңда жасқа толмаған сәбидің құлағын тесіп, сырға қоятындарды жиі байқаймыз. Ал ертеректе қыз баланы қырқынан шығаран соң, сырғалығын дәнмен уқалап, ...
Толығырақ »Ұлттық идеология деген не?
Ұлттық идеологиямызға тарихымыз, тіліміз, мәдениетіміз, діни-салт түсінігіміз жатады. Ұлттық идеологияны басқаратын адам, сол рухани санасы қалыптасқан, ұлтқа шын жанашыр имунитеті жоғары адам болуы керек. Көрінген мәдениеттің жетегінде мансабы үшін жүрген идеолог, ешқашан да ұлттық сананы қалыптастыра алмайды. Өзінің бойына сіңбеген нәрсені, біреуге қалай сіңдірмек? Бұл туралы әлеуметтік желіде дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева жазды. Қазақтың ұлттық идеологиясы, қазақ атты мемлекеттің тамыры ...
Толығырақ »«Уызға жарыған» ұрпақ тәрбиелейік!
Тұрар, СӘТТАРҚЫЗЫ, тарихшы, этнолог Қазақта “уызға жарымаған” деген сөз бар. Сөз ұққанға, өте ауыр сөз. Уыз – жаңа төлдеген малдың, жаңа босанған әйелдің алғашқы сүті. Қазақ жаңа туған төлді де, жаңа туған сәбиді де сол алғашқы уыз сүтке жарытып, әбден тойдырып емізген. Өйткені уызына жарымай өскен төл де, уызына жарымаған бала да әлжуаз, аурушаң болады екен. «Уызына жарымаған» деген сөздің ...
Толығырақ »АНАМЫЗДАН ҚАЛҒАН АҚ ЖАУЛЫҚ
Тұрар Сәтттарқызы, тарихшы, этнолог Ана сөзі, ақ жаулық ұғымымен байланысты. Ақындар жырларында, жазушылар шығармаларында ана мен ақ жаулықты бір ұғым деп сипаттаған. Біздің де есімізде де аналарымыз ақ жаулығымен, әжелеріміз ақ кимешегімен сақталған. Бүгінде ақ кимешекті әже көрсек, жүрегіміз елжіреп, ерекше бір сезімге бөленіп, балалығымызды, ауылымызды сағынып кетеміз. Ертең бүгінгі апалардың немерелері біздің әжелеріміздің шашы түрлі-түске боялған, жалаңбас еді?,-деп ...
Толығырақ »