Басты бет » Жастар үні (страница 5)

Жастар үні

Халықаралық олимпиада жеңімпаздары «Болашақпен» оқи алады

Енді халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары «Болашақ» бағдарламасы аясындағы тиісті талаптарға сәйкес келсе, бакалавриат деңгейінде білім ала алады. Мәжіліс осыған қатысты заң нормасын қабылдады. Депутаттар бұл маңызды түзету деп отыр. Өйткені бұған дейін «Болашақ» тек магистратура және докторантура деңгейіндегі оқуды қаржыландыратын.  “Әлемдік жетекші университеттер бұл талантты балаларға бірден бакалавриатқа гранттар ұсынатын, сол себепті олар шетелге кетіп қалатын. Сол ...

Толығырақ »

Алматының жас таланттары «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына ие болды

Алматыда «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Jastar janary порталы. Алматы әкімдігінің ресми сайтының мәліметінші, аталған шара Алматы қалалық Жастар саясаты басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Жастардың бастамаларын қолдауға бағытталған бұл грантқа 150-ден астам өтінім келіп түскен. Нәтижесінде, комиссия шешімімен 6 бағыт бойынша 13 ерекше жоба ұсынған талантты жастарға 1 000 000 теңгеден табысталды. Атап айтқанда, грант иегерлері ...

Толығырақ »

«Үздік-2024»: Астанада 25 жұмысшы мамандық арасында көшбасшылар анықталды

Астанадағы Мағжан Жұмабаев атындағы Халықаралық жоғары колледжінде «Үздік-2024» қалалық байқауының салтанатты жабылуы өтті, деп хабарлайды Jastar janary елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. «Үздік» атағы үшін биыл 375 қатысушы бақ сынап, көшбасшыларды анықтау үшін 150-ден аса сарапшы жұмыс жүргізді. Сайыс жұмысшы мамандықтар мен кәсіптерінің маңыздылығы мен беделін арттыру, кәсіптік оқытудың озық тәжірибесін насихаттау, жұмыс берушілердің назарын қаланың кәсіптік білім беру ...

Толығырақ »

Алматыда «Наркостоп» акциясы өтті

Алматыда ғимараттардың қасбетінде заңсыз есірткі жарнамаларын жоюға бағытталған «Наркостоп» акциясы өтті, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің ресми арнасы. Іс-шара полиция және қалалық жастар саясаты басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Акция жастардың есірткінің зияны туралы сауатын арттыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Акцияға полициямен бірлесе жұмыс істеген шамамен 200 ерікті қатысып, бір күн ішінде 100-ден астам заңсыз жарнамаларды анықтап, бояп өшірді. «Біз есірткінің ...

Толығырақ »

Оқушыларының арманына «қанат бітірген» ұстаз

Жақында әлеуметтік желіде мектеп оқушыларымен түсірілген ерекше бейнежазба жарық көрді. Ұстаз сыныбына креативті ойын ұйымдастырып, көпшілікті қызықтырды. Бейнежазбада ұстаз оқушылардың 25 жастағы бейнесін жасаған. Желіде жариялаған видео көп қаралым жинап, танымал болды. Ол ауыл мектебінде еңбек етіп жүрген жас ұстаз – Әсел Нұрғисақызы. Түркістан облысы Отырар ауданы Мыңшұңқыр ауылының Рақманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Әселмен шағын сұхбат ...

Толығырақ »

«Тігіншілік курсты таңдадым»: Елордалық JOLTAP жобасымен «Алтын қайшы» марапатын алды

Елорда әкімдігі жүзеге асырып жатқан JOLTAP жобасының арқасында 18 жастан 50 жасқа дейінгі қала тұрғындары жұмыс тауып, қаржылық жағдайын жақсартып, жаңа мамандықтарды игеріп жатыр. Солардың бірі – Кенжебек Садуақасов та «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктінен қысқамерзімді тегін курстар туралы біліп, жаңа мамандық иесі атанды, деп хабарлады Jastar janary порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. «Біз балалар үйінде өстік. Мектепті тәмамадаған ...

Толығырақ »

Семейлік оқушы AR-веб қосымша әзірледі

Абай облысы Семей қаласының 11-сынып оқушысы Нұрлыхан Маратов қалалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірегей AR-веб қосымшасын жасап шығарды. Бұл инновациялық жоба «Ақылды қала» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, қаланың инфрақұрылымын жобалау және жоспарлау тәсілдерін түбегейлі өзгертуді көздейді. AR технологиясына негізделген қосымша болашақта құрылыс жұмыстарын аз шығынмен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Пайдаланушылар мобильді құрылғылар арқылы жобалардың 3D-модельдерін қарап, QR-кодты сканерлеу арқылы болашақ ғимараттардың ...

Толығырақ »

5000-нан астам алматылық шет тілдерін тегін үйреніп жатыр

Алматыда «Тілдер паркі» жобасы сәтті жүзеге асуда. 5000-нан астам қала тұрғыны ашық аспан астында қазақ және шет тілдерін тегін үйреніп жатыр, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің ресми арнасы. Жастар саясаты басқармасының қолдауымен өткізілген жоба қаланың барлық ауданын қамтиды. 6 жастан 60 жасқа дейінгі жандарға арналған курс аптасына 3 рет өткізіледі. Мұнда ағылшын, қытай, корей, жапон, француз, түрік, орыс және әрине, қазақ ...

Толығырақ »

ENU-да «Жаңа Асу» грантына конкурс өтеді

ENU «Жаңа Асу» грантына конкурс өткізілетінін хабарлады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 9-23 қазан аралығы. «Жаңа Асу» грант байқауының мақсаты – коммерцияландыру перспективалары бар ғылыми жобалар мен идеяларды қолдау. «Жаңа Асу» гранты ашық конкурстық негізде өткізіледі және соңғы нәтижеге қол жеткізген жағдайда өтеусіз және қайтарымсыз болады. Конкурсқа ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін алатын университет қызметкерлері, университеттің докторанттары ...

Толығырақ »

Астанада Халықаралық жұмысшы мамандықтарының жастар форумы өтті

Кәсіподақтар күні қарсаңында Астанада «Еңбек эволюциясы: Климат, Құзыреттілік, Код» тақырыбында Халықаралық жұмысшы мамандықтарының жастар форумы өтті, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі. Жиында Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан сарапшылары сөз сөйлеп, климаттық өзгерістердің, цифрландырудың және жаңа технологиялардың жұмысшы мамандықтарына әсерін талқылады. Бұл мәселелердің өзектілігін Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров өз ...

Толығырақ »