Басты бет » Жаңалықтар (страница 96)

Жаңалықтар

«Менің елім – менің Туым» акциясы бастау алды

Бүгін «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенділері еліміздің барлық өңірінде «Менің елім – менің  Туым» деп аталатын ауқымды акцияны бастады. «Жастар рухы» Жастар қанатының баспасөз қызметі хабарлады.  Республика күні қарсаңында «Жастар рухының» белсенділері әлеуметтік желілерде қазақстандықтарды өз үйлерінде Қазақстанның Көк байрағын ілуге шақыратын челлендж бастады. Акцияға мыңнан астам волонтер қатысып жатыр. Олар бүкіл еліміз бойынша 5 мыңнан астам туды орнатуға көмектесті. «Бұл акцияны ...

Толығырақ »

Қ.Тоқаев: Қонаев студенттер үшін өте ыңғайлы қала болар еді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында жергілікті тұрғындармен жүздесіп, Қонаев қаласын дамыту жайын айтты. Әсіресе, Алматыдағы студенттер үшін жатақхана мәселесі де өзекті болып тұрғаны жасырын емес. Осы мәселеге тоқталған Мемлекет басшысы: «Әрине, жастардың Алматы сияқты ірі қалада оқып, жұмыс істегісі келетіні түсінікті. Дегенмен Қонаев студенттер үшін өте ыңғайлы қала болар еді деп ойлаймын. Бұл жақта жатақхана салуға жер ...

Толығырақ »

Рухтастар Cases: білім, еңбекқорлық, патриотизм

Елордалық жастар «Жастар Рухы» Жастар қанаты ұйымдастырған «Рухтастар Cases» диалог алаңында осы тақырыпты талқылады. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде жастардың табысқа жетуінде маңызды рөл атқаратын үш басымдықты атап өтті. Бұл – отансүйгіштік, білімге ұмтылу және еңбекқорлық. Кездесуде Қазақстандағы Синергия университетінің президенті Бауыржан Қасымбергебаев, «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев және ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес төрағасының ...

Толығырақ »

Ипотеканың пайыздық мөлшерлемесі өседі: үй алғысы келетіндер не істеуі керек

Бұл туралы «Үй алайық» ипотекалық компаниясының жетекшісі Мәдина Болатханқызы айтып берді. Коллаж: https://syrboyi.kz/ «Отбасы банк» 1 қазаннан бастап жылдық пайыздық мөлшерлемені көтереді. Бұған дейін көрсеткіш 7% болса, бұдан бұлай 11,5%-ға дейін артады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. Бұл өзгеріс қандай бағдарламаларға қатысты және тұрғын үй нарығына қалай әсер етеді? Бұл туралы «Үй алайық» ипотекалық компаниясының жетекшісі Мәдина Болатханқызы айтып берді. – ...

Толығырақ »

Президент: Өз тілімізді өзіміз ұлықтауымыз керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бабаларымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» деп айтқан. Шын мәнінде, жастар неше тіл білсе, алдынан сонша елдің есігі айқара ашылады. Бұл туған еліңнің мүддесіне қызмет ету үшін қажет. Дегенмен, ең алдымен, жастарымыз ана тілін – қазақ тілін білуі керек. Ана тіліміз бірінші орында болып, бәріміз үшін негізгі басымдық болуы қажет. Солай болады да ...

Толығырақ »

Тұрар СӘТТАРҚЫЗЫ: Ұлттық мінездің негізгі түп-тамыры – ұлттық тәрбие

Тұрар Сәттарқызы, «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебінің жетекшісі, этнолог, тарихшы «Ұлтты сүю — мінезден» деген Әлихан Бөкейхан атамыз. Қай жерде қызмет етпесін, мейлі ол мұғалім болсын, мейлі ол шенеунік болсын, депутат болсын, әкім болсын, бүгінгі қазақтың бәріне бір-ақ нәрсе жетпейді, бәріне ұлттық мінез жетпейді. Кешегі Алаш зиялыларының да алдында екі таңдау болды. Бірі -қара басының қамын күйттеп, үндемей өмір ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ ЖАСТЫҚ

Бауыржан Омарұлы  /Ғасырлық реквием/ Мәншүк. Мәңгі жас Мәншүк. Қыршынынан қиылған аяулы қыз. Тағдыры да аса жеңіл емес-ті. Ол ерліктің символы болды. Себебі ел үшін ғұмырын қиды. Ол бейбіт өмірдің символы болды. Себебі соғыс атаулыны Мәншүктің заманымен бірге кеткендей көрдік. Ол жастықтың символы болды. Себебі есейген кезі көз алдымызға елестемейді. Әйтпесе, кеше ғана өмірден өткен Әбдіжәміл көкемізден екі-ақ жас үлкен ардақты ...

Толығырақ »

Студенттер шәкіртақысы артты

ЖОО-да студенттерге төленетін төлемді өзгерту туралы Үкімет қаулысы күшіне енді. Құжатқа сәйкес енді университет студенттері 31 000 теңгенің орнына 36 000 теңге алады. Болашақ мұғалімдер мен дәрігерлердің шәкіртақысы бұрын 50 400 теңге болса, енді 59 мың теңгеге жуық. Интерндерге 66 000 теңге, магистранттарға 87 000 теңгедей төленеді. Ал докторанттарға 195 000 теңге шәкіртақы тағайындалды, ол бұрын 172 000 теңге болатын. ...

Толығырақ »

Ғ.МҮСІРЕПОВ ТЕАТРЫ «ANKARA» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСАДЫ

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 14-20 қазан күндері  Түркия Республикасының Анкара қаласында өтетін «ANKARA» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНДЕ бақ сынайды. Фестивальде театр балаларға арналған «Ойнайық та, ойлайық» (реж.: А.Зайцев) және ересектерге арналған «Қаhaр» (реж.: Д.Жұмабаева) моноспектаклін сахналамақ. Репертуарды толықтырған жаңа қойылымдар түркиялық көрермендер мен сарапшылар назарына ұсынылып, айтулы өнер бәйгесінің көркін қыздырады. Балаларға арналған қойылымда театрдың талантты артистері ...

Толығырақ »

АҚТАУДА «ӘБІШ ӘЛЕМІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Бейбіт Әлкеева, театртанушы        Батыстың байтақ даласын думанға бөлеп дүниеге келетін «ABISH ALEMI» Халықаралық театр фестивалі биыл екінші рет шымылдығын түрді. Өнер бәйгесі, жалпы кез келген мәдени іс-шара мол жауапкершілікті жүктейді, міндетті арттырады. Бұл тұрғыдан Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры ұтымды ұйымдастырушылығын танытты. Әдетте, фестиваль ұйымдастырған театр  ұжымының кей сәттерде ғана көрермендер қатарынан табылып, кейде көрінбейтінін де «көріп» ...

Толығырақ »