Журналист М.Алмасбекұлының «Наурыз» туралы шығыстанушы-дипломат Сайлау Батырша-ұлынан алған сұхбатын беріп отырмыз. Қазақ халқы басқа Орталық Азия халықтарымен бірге Наурыз мерекесін Жаңа жыл ретінде атап келді. Совет кезеңінде 1920 жылы Түркістан республикасы атқару комитетінің төрағасы Тұрар Рысқұлұлы «Наурыз» мерекесін тойлау туралы бұйрық шығарған, алайда кейін бұл мейрамды Мәскеу ресми түрде атап өтуге тыйым салды. 1988 жылы халықтың талабымен, қазақ зиялыларының қолдауымен ...
Толығырақ »Архив блога
«Күй күмбірі»: Астанада мектеп оқушылары бір мезетте домбыра шертті
Астанада мектеп оқушыларының бойына ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыру мақсатында «Күй күмбірі» атты акция өтті, деп хабарлайды Jastar janary елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Аталмыш іс-шара аясында еліміздің барлық өңіріндегі білім беру ұйымдарында домбыра үні бір мезетте шырқалды. Бас қаладағы №103 мектепте өткен іс-шараға оқушылар мен ұстаздар белсенді қатысты. Олар домбыраның күмбірлеген үні арқылы мектеп ауласын ерекше рухқа бөлеп, ...
Толығырақ »Наурыз жырлары
Сурет: ЖИ-мен жасалған НАУРЫЗ (Мұқағали Мақатаев) Ақпан кетті араз боп наурызбен, Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп. Көктем жетті көрісіп, жанын үзген, Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен. Көктем жетті көл-көсір шуақ қуып, Қыс барады қиылып, жылап тұрып. Шатырында үйлердің наурыз жүр, Мұз көргісін ақпанның лақтырып. Тозған тонын бойына кие алмай бір, Қайда барса қарт Аяз сыя алмай жүр. Асқар таулар атасын ...
Толығырақ »БАТАМЕН ӨРБІГЕН ШАҢЫРАҚ
Елордалық жас отбасылар арасында өткен «ҚАЗАҒЫМНЫҢ ДӘСТҮРЛЕРІ-АЙ!» атты ұлттық-этнографиялық сайысында бас жүлдені Ақмола облысы Целиноград ауданы Жаңа Есіл ауылынан қатысқан Мекебай Кәкенұлының отбасы зор қошеметке ие болды. «Әке – асқар тау, ана – қайнар бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» демекші, сыйластығы жарасқан шаңырақта отбасының бәйтерегі Мекебай Кәкенұлы – ақын, жазушы. «Батамен ел көгерер» демекші, Мекебай ата бата да жазады. Немерелеріне ...
Толығырақ »Мемлекет басшысы белсенді жастармен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазмедиа» орталығында республикалық референдум аясындағы үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқан жастармен кездесті. Президент бүгін тарихи күн екенін атап өтіп, жастарға ризашылығын білдірді. – Шын мәнінде, бұл күн ел өмірінде мәңгі сақталады. Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді. Бұл – еліміздің басты құжаты. Мен басқа да мемлекеттердің конституцияларымен танысып шықтым. Біздің Конституциямыз ең үздік Ата заңдардың қатарында тұрады ...
Толығырақ »ПАРАЛИМПИАДАНЫҢ АЛҒАШҚЫ АЛТЫНЫ ҚОРЖЫНДА
Отандасымыз Ербол Хамитов Милан–Кортина Паралимпиадасында алтын медаль еншіледі. Парабиатлоншы отырып қуалау жарысында топ жарды. Фото: Туризм және спорт министрлігі Бұл медаль – Хамитов үшін Италияда өтіп жатқан ойындардағы екінші жүлдесі. 10 наурызда ол шаңғы спринтінде қола жүлде иеленген болатын. Ол парабиатлоннан 4,5 шақырым қашықтықтағы із қуу дисциплинасында үздік нәтиже көрсетіп, Паралимпиада чемпионы атанды. Бұл – Қазақстан құрамасы үшін үлкен жетістік ...
Толығырақ »Елімізде жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталды
14-23 наурыз аралығында Қазақстанда жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі өтеді. Наурыз мейрамын атап өтудің бұл форматы аз уақыт ішінде тарихи дәстүрлерді, мәдени іс-шараларды, қоғамдық бастамаларды ұштастырып, ел бірлігін нығайтуға бағытталған маңызды халықтық мерекеге айналды. Наурызды жаңа форматта атап өту 2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бекітілген. Ол Наурызды тек бір күндік мереке ретінде емес, адамдардың жүздесіп, игі істер істеп, жаңарып, қоғамдағы ...
Толығырақ »UAE SWAT Challenge-2026: Ақордада халықаралық жарыс жүлдегерлері марапатталды
Ақордада UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысынан жүлделі оралған командаларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, олар нағыз қазақ жауынгері рухының қандай болатынын әлем жұртшылығына паш еткенін, Қазақстанның беделін биікке көтергенін атап өтті. – Намысты қолдан бермей, байрақты бәсекеде топ жардыңыздар! Соның арқасында көк Туымыз желбіреді. Еліміздің мерейі үстем болды. Халқымыз сіздерді мақтан тұтады. Әлемнің ...
Толығырақ »Алматыда ауқымды патриоттық флешмоб өтті
Алматыда жастардың бастамасымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған патриоттық флешмоб ұйымдастырылды. Іс-шара қаланың көрікті орындарының бірі – Көктөбеде өтті. Оған 500-ден астам жас қатысып, өз азаматтық ұстанымын айқын білдірді. Флешмоб аясында биіктігі 7 метр болатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріліп, патриоттық әндер орындалды. Бұл ұлттық бірлік пен ортақ жауапкершіліктің айқын көрінісіне айналды. Іс-шараға қатысушылардың бірі Ырысбек Ахатай: «Жаңа Конституция жай ғана ...
Толығырақ »Франциялық бапкер қысқы Олимпиадада 13 елдің 16 спортшысын қатар жаттықтырып жүр
Франциялық бапкер қысқы Олимпиадада 13 елдің 16 спортшысын қатар жаттықтырып жүр, деп жазды Jastar janary 1bol.kz сайтына сілтеме жасап. BBC Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан жарыстар барысында жанкүйерлер ерекше көрініске куә болды. Франциялық танымал бапкер әрі хореограф, 38 жастағы Бенуа Ришо әртүрлі ұлттық құраманың күртесін киіп шықты. Ришо бұл Олимпиадада бір мезетте 13 елдің намысын ...
Толығырақ »
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы