Басты бет » Жастар үні » Ертең Алматыда «Хайуандар әлеміне» «ЖОҚ» де!» атты акциясы өтеді

Ертең Алматыда «Хайуандар әлеміне» «ЖОҚ» де!» атты акциясы өтеді

26 қарашада Алматы қаласында «Хайуандар әлеміне» «ЖОҚ» де!» атты акциясы өтеді. Зорлық-зомбылыққа карсы басталған акцияны «Жаңа адамдар” қозғалысы ұйымдастырғалы отыр.

zhana.adamdar  инстаграм парақшасында аталған акция туралы жазба жариялаған қозғалыс белсенділері:

– Адамдар күні бойы бір-бірін ұрып-соғып жүргенде, Әділетті Қазақстанды қалай құруға болады?Әлсіз кез келген жерде «ЖОҚ» дегені үшін таяқ жейді.Біз әлі де «хайуандар әлемінің заңдары» бойынша өмір сүрудеміз. Бұл бәріне қатысты. Қызына да, ұлына да. Шахматшыларға да, тіпті бокс чемпиондарына да қатысты — бірақ оларға, «хайуандар» топ болып шабады. Біз бір-бірімізді ұруды қашан доғарамыз? Әрі қарай «хайуандар әлемінің заңдары» бойынша өмір сүргіміз келе ме? «Хайуандар» арасында өмір сүргіміз келе ме?
Келмей ме? Онда үндемей отыра беруге болмайды! – деген үндеу тастап, жастарды шараға үн қосуға шақырады.

Осылайша, жастар бүгінгі қоғамда әлімжеттік көріп, зорлық-зомбылықтың құрбанына айналған әлсіздердің құқығын көтеріп, алаңға шықпақ.

– “Жаңа адамдар” қозғалысы абыройынан айырылған, ұрып-соққыға жығылған, өлтірілген жағдайлардың бәрін жинамақшы. Жарияланған, жарияланбаған, балабақша, мектеп, көшелерде болсын, жыныс, лауазым, жас ерекшеліктеріне қарамай бәрі жиналады. Адамның адамгершілігі сұрақ астына қойылатын барлық жағдайларды жинайды, бірақ шошып, кейін ұмыту үшін емес, зорлық-зомбылықты тудыратын СЕБЕПТЕРДІ анықтау үшін. Олардың ішіндегі ең бастысы – “ЖОҚ” деген сөзді қабылдай алмау, – дейді белсенділер.