Басты бет » Жаңалықтар » ҰЛЫТАУДА 20 МИЛЛИОНЫНШЫ СӘБИДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҰЛЫТАУДА 20 МИЛЛИОНЫНШЫ СӘБИДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін, 14 қараша күні сағат 08:10-да дүниеге келген 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды. Олардың арасында Ұлытау облысындағы Сейтжан отбасының перзенті Томирис те бар. Бұл туралы Ұлытау әкімдігінің ресми сайты хабарлады.


Бүгін жас ана Әйгерім Молдашеваны құттықтау үшін облыс әкімінің міндетін атқарушы Ұлантай Үсенов арнайы барды. Томиристің анасына Мемлекет басшысының, Ұлытау облысының және Жезқазған қаласы әкімдерінің атынан арнайы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар осы қуанышты күні жас отбасыға «Отбасы банк» АҚ 2 млн теңге сомасында сертификат табыстады.

Қазір жас келіншектің жағдайы жақсы. Бүлдіршіннің салмағы 3 келі болса, бойы – 49 см. Әйгерім Молдашеваның айтуынша, қыздың есімін атасы таңдаған. Жас ана көпбалалы ана болуды армандайтынын айтады.

Томиристің ата-анасын және өңірдің барлық тұрғынын осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймыз! Сәбиге зор денсаулық, ұзақ та бақытты өмір тілейміз!