Әнші Жеңіс Ысқақова әлеуметтік желіде келінімен қарым-қатынасы туралы ашық айтты.
«Келінім басында қарсы болды. Бірақ мен көрерменге үйдегі Жеңістің қандай ене екенін, ене мен келіннің сыйластығын көрсетейік, менің замандастарыма және сен сияқты жас келіндерге қызық болсын деп видео түсірдік. Келінім келісті, бірақ бет-әлпетін көрсетпеуін сұрады. “Түрімді көрсетпей-ақ қойыңызшы, мектепке барғанда ұяламын” деді. Менің келінім – мұғалім, жас ұстаз. Мен өтінішін ескердім. Камера кейде көрсетіп қояды ғой. Біз екеуіміздің ортамыздағы сыйластық пен махаббатты көрсете алдық деп ойлаймын. Шынында да, келініме Аллаға шүкір, ризамын. Келінім ибалы, инабатты, білімді, қазақы тәрбиесі бар, ана тәрбиесін көрген сондай жақсы қыз. Сәнім аман болсын. Сәніме көз тимесін деп көп көрсете бергім келмейді», – дейді өнер иесі.
JQ-Aqparat
Мәлімет көзі: https://jasqazaq.kz