Басты бет » Жаңалықтар » Мамандық таңдау оңай ма?

Мамандық таңдау оңай ма?

Сурет: https://obuchim.com

Заман талабы біздің таңдауымыздан биік болып жататын кездер болады. Таңдау деп отырғанымыз – «мамандық». Егер, еңбекті  нарыққа қарай талап етсе, демек, оны тиімді таңдай алу маңызды болмақ. Менің пайымдауымша, мамандықты  еңбек нарығына сай таңдау тиімсіз. Осы тұста ойшыл Абай: «Еңбек жоқ, қаракет жоқ, қазақ кедей», ‒ деп заманның талабын түсіндірді, егер Абай еңбекте үндейтұғын қағидаларды сақтай отырып таңдасақ, онда нарықтағы мамандықсыз-ақ пұл табуға болатынын дәлелдей аламыз.
Заман ‒ қарекетсіздерді жақсы көрмейді. Анығырақ айтқанда, нарық қалай болса, заманда нарыққа қарай иленеді. «Елді ел, адамды адам ететін еңбек». Еңбектің қай түрін болса да, нарыққа сай ету ақыл мен қайрат ісі болмақ. Ең бастысы, мамандық таңдаудан қателеспеген жөн. Қазақта «аттамай жатып әуп етпе», ‒ деген қанатты сөз бар. Таңдау барысында менің қолымнан келмейді деген сынды сөздерден бойымызды мейілінше аулақ ұстағанымыз жөн болады. Үнемі тәуекел жасап, бір саланы соңына дейін жеткізіп, өзгелерге де көмектессек, кез келген мамандық нарықта болмақ.

Ойшыл, хакім Абай бір сөзінде:
Егіннің ебін
Сауданың тегін,
Үйреніп, ойлап, мал ізде.
Адал бол, бай тап.

Адам бол, мал тап, ‒ деп еңбекті бірнеше салаға бөліп, қазіргі нарыққа бөлгенімізді, құптамай кез келген еңбекте оның тегін, ебін тауып алуды міндеттейтіндей. Еңбекті қалай тиімді етпек керек? Адам қарекет жасаса ары қарай «адам» қалпын сақтап қалмақ. Осы уақытқа дейін адамдар бірнеше ғасыр бойы даму кезеңдерін бастан өткерді. Тарих толқынымен жүзіп қана қоймай, ары қарай, дамуына көмектескен еңбек еді. Рулық қауымдастықтар тағысын-тағы үдерістер жалғасын таба берді. Осылай сан ғасырды артқа тастап, біздің ата кәсібіміз «мал шаруашылығы» қалыптасты. Бұл асқан төзімділік пен білімді талап ететін мамандық болды. Төрт түлікті кәсіп еткен  адамның  ұйқысы  жылқыдай сергек, қимылы тазыдай ширақ, дала қыранындай қырағы болуы тиіс. Жоғарғы оқу орынын беретін  білімсіз, белгілі ғимараттағы оқуды тәмәмдамай-ақ, тіршіліктен, сол мамандығынан үйренгені, білгені көп болды.
Жоғарыда айтылған мамандық жастар арасында маңызды рөл атқарады деп ауыз толтырып айтуға келмейді. Қызығы мен шыжығы қоса  жүретін  еңбекті  нарыққа лайық екеніне көзі жеткен қарапайым адамдар, кәсіпкер болып шыға келді. Біздің қолдан да осындай шаруаны дөңгелету келеді. Жас буынға толық түсіндірсе,қағылез қазақ жастары әп-сәтте көзін тауып ала кетпек.
Қорытындылай келе: «Мамандықты еңбек нарығына сай» таңдамауға және оны ары қарай дөңгелету өзіңізге байланысты екені дәлелденді деген үміттемін. Ата-кәсіпті ұмытпаған, Абай үндеген үнді ұғынып,дұрыс жол таба білетін ұрпақ,біздің ұрпақ деп топшылаймын.

  Ажар Бүркітбек,
Абай атындағы Республикалық мамандандырылған
дарынды балаларға арналған
қазақ тілі мен әдебиетін
тереңдете оқытатын орта-мектеп интернатының
11-сынып оқушысы