Астанада 200 домбырашы бір уақытта күй шертті.
AMANAT партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты Ұлттық домбыра күніне орай «Dombyra Party» іс-шарасын ұйымдастырып, «Алтын домбыра» орталығының 200 шәкірті қазақ күйлерін орындады.
– Қазақ руханиятының ең берік қорғандарының бірі – домбыра. Ол туралы ғасырдан ғасырға созылған қаншама аңыздар бар. Ең бастысы, қазақ бар жерде қасиетті домбыра бар, – деді «AMANAT» партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек.