Бүгін елордалық Ассамблея өкілдері № 1, №2 және №3 Көпбейінді қалалық ауруханаларына арнайы барып, жаңа босанған аналарды сәбилердің дүниеге келуімен және Ұлттық домбыра күнімен құттықтап қайтты.
Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамлеясы Аналар кеңесінің төрайымы Алтынай Тәңірбергенова және Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Әділхайыр Мырзаханов жылы лебіздерін білдіріп, қаланың әр перзентханасында 2 шілде күні алғашқы болып туған үш нәрестеге ҚХА логотипі бар домбыраларды сыйға тартты. Ал олардың аналарына гүл шоқтары табыс етілді.
Жыл сайын өткізіліп тұратын игі дәстүрге айналған іс-шараның мақсаты -домбыраны дәріптеу арқылы ұлттық мәдениетті сақтау және жаңғырту идеясының төңірегінде қоғамды одан әрі игілікті істерге жұмылдыру.