Басты бет » Жаңалықтар » Альмира Тұрсын Mrs. Globe байқауында бірінші вице-миссис атанды

Альмира Тұрсын Mrs. Globe байқауында бірінші вице-миссис атанды

АҚШ-тың Калифорния штатында тұрмыстағы келіншектер арасында өткен Mrs. Globe байқауында қазақстандық актриса Альмира Тұрсын бірінші вице-миссис болды, деп хабарлайды Jastar janary ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Байқау ұйымдастырушыларының айтуынша, бірінші вице-миссис дәрежесі екінші орынға тең. Ал бірінші орын, яғни Mrs. Globe атағы беларусь қызы Лана Хлумаковаға бұйырды.

«Қыздарымызды Mrs. Globe 2023 жеңімпазы атануымен құттықтаймыз. Бүкіл қыздар үздік бестікке еніп, патшайым атағын, сондай-ақ Globe фирмалық тәжі мен лентасын алды. Қыздар өздерінің бейнесімен, харизмасымен және сыртқы келбетімен байқау қатысушыларының және қонақтарының назарын аударды. Біздің қыздар — сұлулық пен ізеттің нағыз үлгісі», – деп жазды конкурстың қазақстандық ұйымдастырушылары.