Басты бет » Жаңалықтар » Подкаст дегеніміз не?

Подкаст дегеніміз не?

Қазіргі заманның ерекше үрдісі, технологиялық дамудың бір көрінісі подкасттардың пайда болып, қолданысқа ене бастауы. Жалпы, подкаст дегенміз не?

Жай ғана диктофон арқылы жүзеге асатын посдкастинг бүгінде жастардың жанына жақын. Түрлі тақырып, шынайы эмоциялар, жүректен шыққан сөздер, еркін айтылған пікірлер, ең бастысы – уақытты тиімді пайдалана білу осы ұғымға тән. Подкастинг термині – хабар тарату деген мағынаны береді. Бұл тікелей ағылшынның медиа маманы Адам Карридің есімімен тығыз байналысты. Даму жолы 2000 жылдары басталған. Ең алғашқы подкаст 2004 жылы тыңдармандарға ұсынылды. Қазір әлем бойынша сұранысқа ие медиа өнімі. Әлемде 1000-ға жуық үнемі сұраныста жүретін подкасттар бар. Мәселен, шетелдік подкастерлер Аллекс Блумберг пен Айра Гласстың аудиториясы өте ауқымды. Немесе ресейлік Николай Трубарды тыңдап көріңіз. Бұл атақты подкастерлер өз мемлекетіндегі шешілмей жатқан мәселелерді көтеріп, шоу жасайды. Оларға сұраныс жоғары, қажет десеңіз сол подкасттарды көріп ойын өзгертіп жатқандарда жетерлік. Тіпті, бұл жұмысты табыс табу көзіне де айналдыра алады.

Ал біздің елде бұл үрдіс енді ғана қалыптасып келеді. Әлі де даму үстінде. Осы дамуға үлес қосып жатқан – Елдар Құдайбергенов. Ол өзіміздің отандық подкастқа бар ерік жігерін, күшін жұмсауда. «Подкасттардың барлығынан артықшылығы экранға телміріп отырмай жай ғана қосып қойып, құлағыңызға құлаққапты тақсаңыз жеткілікті. Қалған шаруаны осы подкасттарды тыңдап жүріп те жасай бересіз дейді», – мамандар. Ол кісілердің пікірінше, уақыт үнемдеп, бір сәтте екі жұмысты жасауға болады және соған ыңғайластырылған екен. Подкасттардан алатын дүниелер өте көп. Қажетті ақпараттан бөлек, оны тыңдай отырып бір сергіп дем алуға да болады.

Алғашында подкасттар дыбыстық форматта жазылып, Apple өнімдерінде кеңінен тарай бастады. Технология дами бастаған сәтте видео подкасттарда пайда болды. Тіпті, сіз Android қолданушысы болсаңыз да Play market тен Google podcast-ты жүктеп алуан әңгімелерді көріп, тыңдай аласыз. Бұл медианың ерекше өнімі жастарға үлкен белсенділік сыйлап, дүниеге көзқарасын өзгерте бастады. Осылайша, бүгінгі күннің жастары әртүрлі подкаст жобалардың тыңдарманына айналып, түрлі жанрда ақпараттарды алып өз өмірлеріне кішкене болсын өзгері енгізу үстінде.

                                                                                      Аружан ШАРДАРБЕК,

                                                              Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

университетінің 2-курс студенті