Басты бет » Жаңалықтар » ҚОСШЫДА ҚАЗАҚ КЕЛІНДЕРІ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ҚОСШЫДА ҚАЗАҚ КЕЛІНДЕРІ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Қосшы қаласында «Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай!» атты қалалық байқауы өтті. Ұлттық құндылықтарды насихаттау, отбасының алтын діңгегін нығайту бүгінде аса маңызды.

Бұл дәстүрлі байқау Қосшы қаласында жыл сайын Әз наурыз мерекесіне орай өтіп отырады. Өткен жылы «Жақсы ене – тынысың, жақсы келін – ырысың» деп аталатын ене мен келін байқауы өткен болатын.
Осы жолы өткен сайыс келіндердің ізеттілігін, инабаттылығын бағалап, жас ұрпақ бойындағы жан сұлулығы мен қатар салт-дәстүріміздің қалыптасуына, заман талабына сай ұлттық өнер мен өнегеге баулу, танымдық қабілетін арттыру мақсатында етті. Өнерлі, қолы шебер аяулы жандар бүгінгі жастарға үлгі. Байқауға Қосшы қаласынан 8 келін қатысты. «Ең үздік келін — 2023», «Инабатты келін», «Өнерлі келін», «Шебер келін», «Көрікті келін», «Ақылды келін», «Пысық келін», «Парасатты келін», «Жаңа заман келіні» номинациялары бойынша қала келіндері бақ сынады. лттық құндылықтарды ұлықтаған іс-шараны Қосшы қалалық Аналар кеңесінің төрайымы, меценат, мәдениет жанашыры Шолпан Өтегенова ұйымдастырды.

Қазақтың ұлттық киімдерімен сахнаға шыққан келіндер нан илеп, ет пісіріп, қазы, сірне, бауырсақ секілді тағамдар дайындап, өнер көрсетіп сынға түсті. Байқау сынақтарынан сүрінбей өткен келіндер қазылар алқасының шешімімен марапатталды. Бас жүлдені және «Үздік келін» номинациясын Еңлік Амантаева жеңіп алса, бірінші орынды Назерке Бекетанова, екінші орынды Гүлзина Абайтова және Баян Жеңсебаева иеленді, үшінші орын және «Көрікті келін» аталымын Қаламқас Төлегенова мен Елайым Смаиловаға бұйырды. «Парасатты келін» номинациясына Айнұр Әбиева, «Инабатты келін» номинациясына Әсел Үменова ие болды.

Венера МҰРАТҚЫЗЫ