2022 жылдың басында жастар саны (14-28 жас) 3 741 083 адамды құрады (2021 жылы 3 739 883 адам), оның ішінде қалада 2 106 589 адам (56,4%), ауылда – 1 634 494 адам (43,6%).
2022 жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыз жастар саны 68 547 адамды құрады (2021 жылы — 77 648 адам), жұмыссыз жастар санының төмендеуі байқалады.
2022 жылдың қорытындысы бойынша жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,9% (2021 жылы – 3,8%) құрады.
Өңірлік бөліністе ең жоғары көрсеткіштер Алматы қаласында – 5,6%, Қарағанды облысында – 4,8%, Астана қаласында – 4,6% байқалады. Ең төменгі көрсеткіштер Атырау облысында — 2,4%, Ақтөбе және Павлодар облыстарында — 2,8%, Қостанай, Жамбыл және Ақмола облыстарында — 3,1%.
2022 жылдың қорытындысы бойынша NEET санатындағы жастардың үлесі 6,5%-ды құрады (2021 жылдың қорытындысы бойынша — 6,9%), 0,4%-ға төмендегені байқалады.
Өңірлік бөліністе 2022 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары көрсеткіштер Ұлытау облысында – 12,6%, Шығыс Қазақстан облысында – 10,8% (2021 жылы — 5,8%), Қарағанды облысында — 9,2% (2021 жылы – 9,1%) байқалады. Ең төменгі көрсеткіштер Павлодар облысында – 4,8% (2021 жылы – 4,9%), Қостанай облысында – 4,8% (2021 жылы — 4,9%), Абай облысында — 3,5%, Батыс Қазақстан облысында – 3,1% (2021 жылы — 3,8%).
2022 жылдың 2 айында 14-29 жас аралығындағы тұлғалармен жасалған 3 396 құқықбұзушылық тіркелді, 41 құқықбұзушылыққа ұласу байқалады (2021 жылдың ұқсас кезеңінде – 3 355 құқықбұзушылық).
Барлық өңірлерде:
— Жастар ресурстық орталықтары – 227. Оның ішінде облыстық – 13, Республикалық маңызы бар қалаларда – 3, қалалық – 39, аудандық-175.
– Барлық деңгейдегі әкімдіктер жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестер – 218.
— Жастар ісі жөніндегі комитеттер-897.
— Жастар ұйымдары-547.
Орталық деңгейде жұмыс істейді:
— Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес.