Басты бет » Жаңалықтар » ҰЛДАН ЖӘНЕ ҚЫЗДАН ӨРБІГЕН ҰРПАҚ ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?

ҰЛДАН ЖӘНЕ ҚЫЗДАН ӨРБІГЕН ҰРПАҚ ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?

 Сурет ашық интернет көзінен алынды

Өзінен өрбіген шежіре жалғастыратын ұрпақты қазақ – «Ұл» деген.

Ұлдан туған бала — Немере.

Немеренің ұрқы — Шөбере (Немелтай).

Шөберенің ұрқы — Шөпшек.

Шөпшектің ұрқы — Немене.

Немененің ұрқы – Жүрежат (кейде некеге рұқсат берген)

Жүрежаттың ұрқы — Туажат (некеге рұқсат)

Туажаттың ұрқы — Жекжат.

Жекжаттың ұрқы – Жамағайын (ұрқыға айналады).

Жамағайынның ұрқы – Жұрағат (руға айналады).

Қазақтарда өзара құдандаласу – туажаттан басталады.

Шежірелерімізді біле жүрейік!

Қыздан туған баланы қазақ – «Жиен» деген.

Жиеннің баласы — Жиеншар.

Жиеншардың баласы – Дегеншар.

Дегеншардың баласы – Көгеншар.

Көгеншардың баласы — Көбеңшар.

Көбеңшардың баласы — Тебеншар.

Тебеншардың баласы — Өлеңшар.

Халқымыз жиенді осылайша жеті атаға дейін таратқан.

Ал, сегізінші ұрпағын – «Қаймана» деген.

Жеті ата танымы

Бірінші атаңыз — Әкеңіз.

Екінші ата — Ата.

Үшінші ата — Арғы ата.

Төртінші ата — Ұлы ата.

Бесінші ата — Тек ата.

Алтыншы ата — Түп ата.

Жетінші ата — Баба.

Сегізінші ата — Ұрқы.

Тоғызыншы ата — Ру (тоғыз байдалы ту көтеріп ру болған).