Әлемге белгілі миллиардер Илон Масктің құнды кеңестерін ұсынамыз.
✓ Тағдырға ренжіп налымаңыз. Білек сыбана жұмысқа кірісіп, қолдан келгеннің бәрін жасап, қарекет қылыңыз.
✓Саяхаттаңыз! Жылына екі рет ешқашан болмаған елдерге саяхаттаңыз. Себебі, ел -жер көру — адамға энергия сыйлайды.
✓ Кейде бас тарта білудің пайдасы көп.
✓ Шама-шарқыңыз жетпейтін нәрселерге әсер ете алмайтыныңыз үшін күйіп-пісуден аулақ болыңыз! Оның еш қажеті жоқ, барынша жүйкеңізді сақтаңыз!
✓ Қателесуден қорықпаңыз. Өзіңізге жаңылсуға рұқсат беріңіз. Сол қателерден сабақ алып, тек алға қарай жүріңіз!
✓ Бүгін істейтін жұмысты кейінге қалдырмаңыз. Тіпті, мүлде қолыңыз бармайтын іс болса да, кейінге қалдырмаңыз.
✓ Есіңізде болсын, қатты қалаған ісіңіз жүзеге аспай жатса қуаныңыз. Себебі сіз үшін сәттілік осы сәтсізден басылуы мүмкін!
✓ Қорқыныштарыңызды жеңе біліңіз. Өйткені қорқыныш – арман-мақсатыңызды өлтіреді.
✓ Табанды болыңыз. Кез келген нәрсе ә дегеннен іске аспаса, екінші рет қолға алыңыз. Тек қайтпаңыз, сәттілік табанды, бірбеткей адамдарды жақсы көреді.