Фото: https://mircooking.ru
Қажетті қосқыштар: Алдымен 1 байлам қарапайым пиццаға арналған ашытқы;
60 г. үккіштен өткізілген «пармезан» ірімшігін, тұз, бұрыш аламыз.
Сондай-ақ, 80 г. тілімдеп тілінген шұжық, 50 г. ысталған ірімшік, 80 г. «моцарелла» ірімшігі, 50 г. «грюйер» ірімшігі, 4 тілімдеп туралған балқытылған «геддер» ірімшігі, 2 қайнатылған жұмыртқа, 1 ас қасық зәйтүн майы, керегіне қарай аскөк, әбден піскен қызанақ керек.
Дайындалуы: 23 см-ге дөңгелектеліп дайындалған нанға зәйтүн майы жұқалап жағылады. Қамыр нанды саусақтарыңызбен абайлап созып аласыз да, бетіне «пармезан» ірімшігін, тұз, бұрыш себіледі. Содан кейін аздап ұн сеуіп, оқтаумен жеңілдеп илеу керек. Жоғарыда аталған ірімшік түрлері мен шұжықты майдалап турап алып, араластырып, алтыға бөлінген екі жұмыртқамен бірге дөңгелектеліп қойылған нанның үстіне жайып саламыз.
Әбден дайын болған дөңгелек нанды сақина сынды орамға келтіріп, жиектерін дұрыстап бекіту қажет. Содан соң қамыр нанды ас пленкасымен жауып, 1 сағатқа көтерілуге қоясыз. Бабына келген нанға аздап май жағып, пеште 200 с-де 45 минут қоңырқай тартып піскенше қыздырылады.
Міне, сақина кейіпте дайын болған пиццаны аскөк және піскен қызанақпен әрлендіріп, ас үстеліне алып барыңыз.