Басты бет » Жастар үні » Өңірлерде қазақ тілін тегін үйрететін «Сөйле» үйірмелері ашылуда

Өңірлерде қазақ тілін тегін үйрететін «Сөйле» үйірмелері ашылуда

Жастар 12 өңірде қазақ тілін тегін үйрететін үйірме ашты

«AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты «Менің елім – менің тілім» республикалық жобасы аясында «Сөйле» атты арнайы тілдесу үйірмесін ашты. Тіл үйрену үйірмелері 12 аймақта ұйымдастырылуда.

Жоба аясында шаралар кешені және ауызекі сөйлесу, оқу, жазу сияқты бағдарламалар Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Абай облысында өтеді.

«Жастар рухы» Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаевтың айтуынша, елімізде қазақ тілі кең қолданыста, жоба ана тілді жастар арасында насихаттайды.

 «Соңғы жылдары елімізде қазақ тіліне деген құрмет артып, ерекше статусқа ие. Осыған дейін кейбір жастар, азаматтар қазақша тек керек жерде ғана сөйлеген болса, қазір күнделікті қолданысқа енгізуде. Бұл бұрыннан қазақша сөйленбей келді деген сөз емес, керісінше қолданыс аясы кеңейе түсуде. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Достас ұлттардың біздің тілімізге қызығушылық танытып, меңгереміз деушілер қатары көбеюде. «Темірді қызған кезінде соқ» демекші, осы тұста Жастар қанаты «Сөйле» деп аталатын жобаны іске қосып жатыр. Қазақ тілін оңай әрі тез үйренгісі келетін азаматтарға тегін таптырмас бағдарлама деп айта аламын. Сонымен қоса  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілге ерекше назар аударып, мәртебесін жоғарылатуды тапсырған болатын. Біз де тіліміздің дәрежесін көтеруге үлесімізді осылайша қосуды ұйғардық», – дейді ол.

Үйірме барысында қатысушылар аймақтардағы коуоркинг орталықтары және ЖОО қабырғаларында өтетін домбыра үйірмелеріне, әдеби-рухани кештерге, түрлі челлендждерге белсенді қатысады.

«Сөйле» үйірмесі өтетін мекенжай:

Астана қаласы – «Жастар рухы» ЖҚ қалалық филиал коуоркинг орталығы, Тәуелсіздік д.,3.  тел. 8 776 115 72 05

Алматы қаласы – «Жастар рухы» ЖҚ қалалық филиал коуоркинг орталығы, Абылай хан к., 79. тел. 8 708 671 20 25

Ақмола облысы – Coworking Center, Көкшетау қ., Әуелбеков к., 117.  тел. 8 747 498 60 18

Ақтөбе облысы – Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының коуоркинг залы, Ақтөбе қ., Сәтпаев к., 16 Б.  тел. 8 747 124 19 99

Алматы облысы – Қонаев қаласының қалалық кітапханасы, 1 ш.а., 28 а.  тел. 8 747 995 10 15

Шығыс Қазақстан облысы – Өскемен қаласының орталық кітапханасы, Қазақстан көшесі 102.  тел. 8 747 953 05 58

Батыс Қазақстан облысы – Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар кітапханасы «Bilim ortalyqy», Н.Назарбаев 166/2; Ж. Молдағалиев 19, «AMANAT»  ғимараты,  109 кеңсе. тел. 8 777 479 35 90

Қарағанды облысы –  Qolday  коуоркингі, Қарағанды қ., Әлиханов к., 4.  тел. 8 708 968 80 58

Қостанай облысы – Қостанай қаласының облыстық кітапханасы, Қостанай қаласы, Алтынсарин к., 111.  тел. 8 707 630 10 97

Павлодар облысы  С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының сoworking орталығы, Павлодар қ., Сәтпаев к., 104;  «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының сoworking орталығы, Павлодар қ., Кривенко к., 25А. тел. 8 747 916 76 02

Солтүстік Қазақстан облысы  Қалалық жастар ресурстық орталығының акт залы, Петропавл қ., Назарбаев, 69. тел. 8 777 335 96 05

Абай облысы   Абай атындағы орталық кітапхана коуоркинг орталығы, Семей қ., Абай к. 86. тел.  8 707 295 77 39.