Басты бет » Жастар үні » «Болашақ» бағдарламасы: Медицина қызметкерлері үшін арнайы жеңілдік санаты енгізілмек

«Болашақ» бағдарламасы: Медицина қызметкерлері үшін арнайы жеңілдік санаты енгізілмек

Биыл «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

"Болашақ" бағдарламасы: Медицина қызметкерлері үшін арнайы жеңілдік санаты енгізілмекФото: ortcom.kz

Медицина қызметкерлері үшін арнайы жеңілдік санатын енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин хабарлады, деп жазады zhas-zhanary.kz порталы inbusiness.kz -ке сілтеме жасай отырып.

Оның айтуынша, «Болашақ» стипендиясы аясында медициналық қызметкерлерге қойылатын талаптарды жетілдіру қарастырылуда. Мамандарды даярлаудағы негізгі мәселенің біріне шет тілін меңгеру деңгейінің төмендігі жатады.

«Денсаулық сақтау қызметкерлері үшін мүмкіндіктерді кеңейту және қызығушылығын арттыру мақсатында, арнайы жеңілдік санатын енгізуді қарастырып отырмыз. Оларға бір жылдық тілдік дайындықтан өтіп, стипендия тағайындалғаннан кейін шетелдік университетке түсу мүмкіндігі берілетін болады», — деді спикер.

Айта кету керек, осыған дейін жеңілдік тек ауылдық елдімекендердің үміткерлеріне ғана қарастырылған.