Басты бет » Жаңалықтар » Хэллоуиннен алшақ болайық!

Хэллоуиннен алшақ болайық!

Жастар қауымы қашанда еліктегіш, не нәрсеге болмасын құмартып тұратыны жасырын емес. Олар жақсы мен жаманның арасын ажыратпай, жат дүниелерге де бой алдырып жатады. Соның бірі, адам бойында қорқыныш пен зұлымдық, қатыгездік туғызатын мерекені біздің елде де жастар атап жүр. Хэллоуин қандай мереке?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет: https://mosregtoday.ru/

Хэллоуин (немесе Хеллоуин, Хэлоуин, Хелоуин; ағылш. HalloweenHallowe’enAll Hallows’ Eve, Allhalloween немесе All Saints’ Eve) — әлемнің көп елдерінде 31 қазан ойланатын халықаралық мереке. Ирландия мен Шотландия көне кельттерінің дәстүрлерінен бастау алған, тарихы қазіргі Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия аумағында басталған мереке. Хэллоуин дәстүрлі түрде Батыс Еуропа мен Америкада тойланады. Сондай-ақ Хэллоуин бейресми түрде АҚШ-пен немесе Ұлыбританиямен тығыз мәдени байланыстары бар мемлекеттерде де тойланады екен.

Дін өкілдері аталған мерекені «Қастандықпен ойнау адамның өміріне кері әсер береді», ал Хэллоуин болса, «зұлымдық пен зорлық көп танытылатын зайырлы фестивальге айналып кеткеніне көп уақыт болды» деп дабыл қағуда. Дін және қоғам қайраткерлері оны «коммерциялық жоба» мен «мәдени отарлау» құралы десе, педагогтар мен психологтар «зұлымдық бейнесімен ойындардың» әсіресе, жас балалардың жетілмеген психикасына қауіп төндіруі ажап емес екенін айтып келеді.

Қазанның 31-нен қарашаның 1-іне қараған түні әлемдегі барлық адамдар АҚШ пен Канаданың соңынан еріп, бүгінде мәні мен мағынасын көбі түсіне бермейтін Хэллоуин – пұтқа табыну мерекесін атап өтуді дәстүрге айналдырған.

Бүгінде қоғамымызда үй аруақтары және тағы сол сияқты сұрықсыз атрибуттармен белгілі Хэллоуинді атап өткісі келетіндерге маскарад костюмдерін сатып алуға, «көңілді кештер», түнгі клубтардағы «қорқыныш би кештері» және «фрик-балдарға», түрлі Хэллоуин-квесттері, тіпті, «үрей салатын веложарысқа» қатысуға шақырып жатыр. Адамдар онда барынша көңіл көтеруге тырысып, шын мәнінде не тойлап отырғанын да түсінбеуде.

ХІХ ғасырда Ирландия мен Шотландия имигранттары бұл мерекені Америкаға әкелді. Тек өткен ғасырдың 1920 жылы Нью-Йорк пен Лос-Анджелес қалаларында алғаш рет ресми тойланды. Келе-келе Хэллоуинде ағаштарды өртеу, шамдарды сындыру секілді ұсақ бұзақылықтар сәнге айнала бастады. 1950 жылдардан бастап Хеллоуин коммерциялық тұрғыдан пайда әкеле бастады. Костюмдер, әшекейлер, ашықхаттар және басқа да заттар өте жоғары сұраныстарға ие бола бастады. АҚШ пен Канадада тойланып келген жаңаша сипаттағы Хэллоуин бүгінде Еуропа мен басқа да құрлықтарға қанатын жая бастады.

Ақтөбелік қыз Сеулдегі Хэллоуинде қаза тапты

Кеше Оңтүстік Кореяда мыңдаған адам Хэллоуин тойламаққа жиналған. Алайда мыңдаған адам тар жерде қысылып, тапталған адамдарды құтқарушылар көмекке келген. Жүздеген адам жаншылып, тапталып қалған. Қайғылы оқиғадан кейін елде қаралы күн жарияланды. Соңғы мәлімет бойынша Оңтүстік Корея астанасында Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде 151 адам мерт болды. Олардың 19-ы шетелдіктер. Арасында – Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Австралия, Норвегия, Шри-Ланка, Иран және Қытай азаматтары бар.

Ақтөбелік қыз Сеулдегі Хэллоуинде қаза тапты. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Итэвон ауданындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың арасында Қазақстан Республикасының азаматы, 1996 жылы туған, Ақтөбе облысының тумасы табылды. Ол Корея Республикасының жоғары оқу орындарының бірінің студенті болған.

Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан азаматтың туыстарымен байланыста, құжаттарды ресімдеуге және мәйітті Қазақстанға одан әрі жеткізуге барлық қажетті көмек көрсетуде.