Басты бет » Жастар үні » «Жайықтың жайсаң жырлары»

«Жайықтың жайсаң жырлары»

Атырау қаласында «Жайықтың жайсаң жырлары» атты «Фариза жұлдыздары» ақын-жазушылар клубының поэзия кеші өтті.

Атырау қалалық Жастар ресурстық орталығы «Сенің бастамаң» жобасы аясында өткен жыр кешінде жас ақындар өз өлеңдерін оқыды, ән шырқалды, сырлы әңгіме өрбіді.
Белгілі суретші Темірбек Мұхтаров бастаған ақын Бақытгүл Бабаш, Замзагүл Кеңесова сында аға буын өкілдері жастарға жылы лебіздерін білдірді. «Фариза Жұлдыздары» ақындар клубының жетекшісі, ақын Әлиы Дәулетбаева әсерлі де әдемі жыр кешін ұйымдастырған Атырау қалалық Жастар ресурстық орталығына алғыс айтты.