Басты бет » Жастар үні » Қазақ қызы велосипедпен 6000 шақырымды жүріп өтті (видео)

Қазақ қызы велосипедпен 6000 шақырымды жүріп өтті (видео)

Қытайда тұратын 22 жастағы қазақ қызы Кәусар Қытайдың Шыңжан қаласынан жолға шығып 6000 шақырым жол жолды велосипедпен 2.5 айда жүріп өтіп, Үрімжі қаласына жеткен.

Ол осы сапары барысында қаншама қиындықтарға тап болса да мойымай, өзінің мақсат еткен асуын бағындырды.

— Денсаулығым жақсы кезінде, уақытымда өзіме тәуелді кезінде есте қалатындай күндер болсын деп осылай велосипедпен екі қаланың арасын бағындырамын деп тәуекел еттім. Жас кездеріңізде өмірге ешқандай өкініш қалдырмаңыздар. Еліміздің кең байтақ жерін аралап көріңіздер. Тәуекел етіңіздер, — дейді қандасымыз.