Басты бет » Жаңалықтар » ӘКЕГЕ ҚАРАП ҰЛ ӨСЕР…

ӘКЕГЕ ҚАРАП ҰЛ ӨСЕР…

Тұрар Сәттарқызы, этнограф, тарихшы

«Атадан тағылым алмаған ұл жаман, анадан өнеге көрмеген қыз жаман» дейді халқымыз, бала жас өркен тал секілді, қалай күтіп-баптасаң, соның жемісін көресің. Бүгінде бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі төмендеген. 

Соңғы уақытта ұл баланың, туғаннан бастап бала бақшада, мектепте, жоғары оқу орнында түгелдей дерлік әйелдер қауымының тәрбиесі мен ықпалында болуы оның бойында нағыз ер-азаматқа тән қасиеттер толық қалыптаса алмауы мүмкін деген ойдамыз.

«Өмірге ұрпақ келтіріп, оны асырау арқылы әке өз міндетінің үштен бірін ғана орындайды. Ол адамзатқа адам, қоғамға қызметкер, мемлекетке азамат беруге міндетті. Осынау үш міндетті орындауға қабілетті бола тұра кімде-кім оны орындамаса айыпты» деген екен Жан Жак Руссо.

Қазақ «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды» деп жайдан жай айтпаса керек. Әке – асқар тау. «Анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер». Алғаш дүниеге келіп, ес білген сәттен бастап баланың нағыз қамқоршысы әке. Қамшыұстарды тәрбиелеу әкенің басты міндеті. Әке болу бар да, әке бола білу бар. Бұл екеуі екі бөлек.

Бала бойындағы жақсы қасиеттердің барлығы әке арқылы қалыптасады. Сөзіміздің негізгі түйіні мына бір тағылымды оқиғада жатыр.

Бала анасынан мейірімділік пен даналықты сіңірсе, әкесінен өжеттік, батылдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді.

«Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген бір ауыз сөзге бүкіл тәрбиенің бастауын қазақ атамыз сыйғыза білген.

Асқар таудай әкесін пана тұтқан бала қорқақ болмайды. Ал ана атты бұлақтың мейіріміне қанып өскен ұрпақ өзгеге де мейіріммен қарайды.

«Әке – отбасының тірегі», «Әке – асқар тау», деп теңестіреді халық даналығы. Әр бала Әкесі мен анасының махаббатының жемісі болғысы келеді. Бақытты бала тек бақытты ата-анада ғана болады.

Ертеректе еркекті көк тәңіріне теңеген. Ал әйелді жерге теңеген. Күлтегіннің үлкен жазуында «Тәңірідей тәңіріден жаралған бабам Күлтегін истемін қаған» деген жазу осының дәлелі.

Әйел ерге қараса, еркек көкке қараған. Өйткені ер адам энергияны тәңіріден алып отырған. Айырмашылығы жер мен көктей деп босқа айтылмаған. Өйткені әйел мен еркек ешқашан теңелмейді дегені. Көктен найзағай ойнап, жаңбыр жауса да, жер бірқалыптығын сақтаған. Өйткені жер мен көк арасындағы үйлесімділіктің негізін жер қалап отыр. Яғни, жер мен көк қалай гармония тапса, әйел мен ер адам да солай бір гармонияда өмір сүру керек.

Қазақта әкесін көке деп атайды. Ол сөздің түпкі мағынасы көк деген ұғымнан пайда болған. «Көкеңді танытайын ба, көрсетейін бе, ұмытайын деген екенсің, көкем бар» дегенде әкесін шексіз күш-қуат иесі санаған.

«Әйел ерге қараған, ер жерге қараған» деп жатамыз. Сондықтан ерлеріміз көк тәңіріндей биік болып, әйелдерінің арқа сүйер азаматы болса, ұлағатты ұрпақ тәрбиелері сөзсіз.

ХІ ғасырда өмір сүрген белгілі ойшыл, дала данышпандарының бірі Жүсіп Баласағұни «Құтты білік» атты еңбегінде: «Бала бойы тұнған ой, ақыл болса, әкесінің жүзі де жарқын болмақ» деп атап көрсетуі ұрпақтың азамат болып қалыптасуындағы әкенің ерекше рөлін меңзейді. Мұны халқымыздың «Ұл табалдырықтан аттаудан бастап, ар-намысын сақтауға дейін әкеден үйренеді» деген нақыл сөзі де растай түседі.

Сондықтан, бала тәрбиесінде әкенің абыройы, асқақ тұлғасы ерекше ықпал етеді. Халқымыздың салт-санасында әкені асқар тауға теңеп, отбасының асыраушысы, ақылшысы, жол көрсетушісі, кез келген жанұялық мәселенің кесімін айтып, шешімін қабылдайтын отағасы ретінде құрметтелгені мәлім.

Соңғы уақытта ұл баланың, туғаннан бастап бала бақшада, мектепте, жоғары оқу орнында түгелдей дерлік әйелдер қауымының тәрбиесі мен ықпалында болуы оның бойында нағыз ер-азаматқа тән қасиеттер толық қалыптаса алмауы мүмкін деген ойдамыз.

«Құтты білікті» парақтай түссек, «Егер әке ұлына немесе қызына тиісінше көңіл бөлмей, олардың мінез-құлқы нашар болса, оған баланың еш кінәсі жоқ, оған кінәлі – әкесі» деп қадап айтылады. Көне заманда көкейкесті болған бұл мәселе қазір де өзектілігін жойған жоқ. Сондықтан, бала тәрбиесі еркекке тән емес деген дәстүрлі санадан бас тартып, әкенің жауапкершілігі мен рөлін арттырудың бүгінгі қоғамдағы әлеуметтік мәні бөлек.

«Өмірге ұрпақ келтіріп, оны асырау арқылы әке өз міндетінің үштен бірін ғана орындайды. Ол адамзатқа адам, қоғамға қызметкер, мемлекетке азамат беруге міндетті. Осынау үш міндетті орындауға қабілетті бола тұра кімде-кім оны орындамаса айыпты» деген екен Жан Жак Руссо.

Әке… Бұл үш әріпті сөзде не бар? Әке деген сөз – мейірімділік, ержүректік, әдептілік деген ұғымдармен іспеттес.

«Әке – отбасының тірегі», «Әке – асқар тау», деп теңестіреді халық даналығы. Әр бала Әкесі мен анасының махаббатының жемісі болғысы келеді. Бақытты бала тек бақытты ата-анада ғана болады.

Қазақ «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды» деп жайдан жай айтпаса керек. Әке – асқар тау. «Анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер». Алғаш дүниеге келіп, ес білген сәттен бастап баланың нағыз қамқоршысы әке. Қамшыұстарды тәрбиелеу әкенің басты міндеті. Әке болу бар да, әке бола білу бар. Бұл екеуі екі бөлек.

Бала бойындағы жақсы қасиеттердің барлығы әке арқылы қалыптасады. Сөзіміздің негізгі түйіні мына бір тағылымды оқиғада жатыр.

Бала анасынан мейірімділік пен даналықты сіңірсе, әкесінен өжеттік, батылдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді.

«Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген бір ауыз сөзге бүкіл тәрбиенің бастауын қазақ атамыз сыйғыза білген.

Асқар таудай әкесін пана тұтқан бала қорқақ болмайды. Ал ана атты бұлақтың мейіріміне қанып өскен ұрпақ өзгеге де мейіріммен қарайды.

Дәл қазіргі таңда үйдегі әйеліне сөзін өткізе алмайтын әкенің жігерсіздігінен балалары жасқаншақ, қорқақ, қоғамға пайдасы жоқ болып өсіп келеді. «Жаман әкеден жақсы көрші артық» деген. Әкенің беделі мықты болса, отбасы берік, ұл рухты, қыз инабатты болмақ.

Бір дана «Біз мәпелеп, қиындықтан қорғап, ыстық-суығына өзіміз түсіп жүріп, баламызға қастық жасап жатырмыз. Кейін есейгенде өмірге бейімі жоқ, шыңдалмаған бала қиындыққа тап болса, морт сынады». Соны білген аталарымыз жастайынан ерлікке тәрбиелеген.

Сондықтан біз бала тәрбиесінде әкенің қаншалықты маңызды рөл ойнайтынын білгеніміз жөн. Бірақ қазақ өз құндылықтарына қайтып оралмайынша, әкенің отбасындағы рөлі төмендей бермек.

Ертеректе еркекті көк тәңіріне теңеген. Ал әйелді жерге теңеген. Күлтегіннің үлкен жазуында «Тәңірідей тәңіріден жаралған бабам Күлтегін истемін қаған» деген жазу осының дәлелі.

Әйел ерге қараса, еркек көкке қараған. Өйткені ер адам энергияны тәңіріден алып отырған. Айырмашылығы жер мен көктей деп босқа айтылмаған. Өйткені әйел мен еркек ешқашан теңелмейді дегені. Көктен найзағай ойнап, жаңбыр жауса да, жер бірқалыптығын сақтаған.

Өйткені жер мен көк арасындағы үйлесімділіктің негізін жер қалап отыр. Яғни, жер мен көк қалай гармония тапса, әйел мен ер адам да солай бір гармонияда өмір сүру керек.

Қазақта әкесін көке деп атайды. Ол сөздің түпкі мағынасы көк деген ұғымнан пайда болған. «Көкеңді танытайын ба, көрсетейін бе, ұмытайын деген екенсің, көкем бар» дегенде әкесін шексіз күш-қуат иесі санаған.

«Ендігі мақсат – қазақ отбасындағы әкенің статусын қайтару»

Әкенің отбасындағы рөлінің төмендеуі – қоғамдық дерт. Сондықтан оны мемелекет болып қолға алу керек.

Әртүрлі бағдарламалар, кино арқылы насихаттау керек.

Бірде қарт Құнанбай баласы Абайды шақырып: «Балам, сен әкеңе жете туғансың ба, өте туғансың ба?»деп сұрайды. Сонда Абай: «Әке, мен өте туғанмын, өйткені мен ақын болдым» деген екен. Аз ғана ойланған дана Құнанбай: «Жоқ, сен маған жете тудың. Өте туу үшін Абай секілді бала тәрбиелей алуың керек» деп жауап қатқан деседі.

Суретте Оңтүстік Қазақстандағы Төлеби ауданы Зертас ауылының Қосан Мамытов атындағы 21 мектептің оқушысы, өнегелі отбасында атаның тағылымын, әкенің өнегесін, әже мен ананың тәрбиесін көріп өсіп келе жатқан, елгезек, еңбекқор, тәрбиесі мықты ұлан Ернұр Әсілханұлы Құттыбек.

Өркенің өссін, балапан! Еліңнің азаматы бол!