Басты бет » Жаңалықтар » Қазақстан Technology skills саласында топ-10 елдің қатарына енді

Қазақстан Technology skills саласында топ-10 елдің қатарына енді

Бағдат Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

Президенттің кеңесшісі болған кезімде ең ірі Coursera білім платформасын тегін қылу туралы ұсыныс жасаған едім, ал Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің арқасында бұл идея жылдам жүзеге асты. Нәтижесінде 50 мың қазақстандық ағылшын және орыс тілдеріндегі 4,4 мың курсқа тегін қол жеткізді.
Бүгінде Coursera Global Skills Report-та жарияланған талдау қорытындысына сәйкес Қазақстан Technology skills саласында топ-10 елдің қатарына енді. Зерттеу жұмыстары Coursera платформасында курстардан өткен 100 млн қолданушы туралы мәліметтер бойынша жүргізілген.
Өткен курстар мен тапсырылған сынақтар бойынша біздің отандастарымыз жоғары техникалық дағдылар көрсетіп, әлемдегі ТОП-10 – үздік ондыққа енді! Статистикалық деректерге сәйкес осы уақытқа дейін Қазақстаннан 350 мың адам білім алған. Жалпы, жаһандық рейтингте біздің ел 24-орында, ал Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің арасында Индонезия, Сингапур, Япония және Гонконгтан кейін 5-орындамыз!»
Бұл туралы Бағдат Батырбекұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.