Жақында Қостанай қаласында Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Волонтерлік – жастардың әлеуметтік лифті» атты Қазақстан-Ресей жастарының ынтымақтастық форумы өткен болатын.
Қазақстан Президенті аталған форум білім мен тәжірибе алмасуға, пікірлестер табуға, ортақ мақсаттар мен жоспарларды белгілеуге мүмкіндік беретінін тілге тиек етті.
«Қазақстан – жас әрі жастардың мемлекеті! Жастарымыз – дамудың қозғаушы күші. Барлық мемлекеттік органдардың міндеті – жастардың өзін өзі жақсы танытуына жағдай жасау және олардың оң бастамаларына қолдау көрсету», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.