Басты бет » Тіршілік ырғағы » «Зерен-2019» жастар лагері жаңа дарынды кәсіпкерлерді шығарды

«Зерен-2019» жастар лагері жаңа дарынды кәсіпкерлерді шығарды

                            IMG_1257
Ауқымды жобаның екінші кезеңіне Қазақстан, Моңғолия, Қытай, Түркия, Әзірбайжан және Қырғызстан елдерінен жиналған 200 жас  дарын қатысты. 
Осы кезеңнің 9 күнінде лагерь қатысушылары келесі төрт бағытта: азаматтық қоғамды дамыту, кәсіпкерлік дағдылары, жасыл экономика, креативті экономика және жаңа медиа жобалар бойынша талмай еңбек етті.
Тәлімгерлер мен әділ қазылар алқасының пікіріне сүйенсек, әр жоба өзінің бірегейлігімен және таңдалған бағыттағы негізгі міндеттерді бірыңғай емес тәсілмен шешу жолдарымен ерекшеленді. Олардың қатарында: ауылдық жерлерде арнайы биогаз қондырғыларын орнату, биологиялық тұрғыдан шіритін материалдан жасалатын және 350 ретке дейін қолдануға болатын эко-баxилалар, халва, май, косметика алуға болатын сафлор өсімдігін өсіру, жасанды және химиялық элементтер қосылмаған, жануарларға арналған «тірі» қорек өндіру тәрізді жобалар болды. Одан бөлек, қимыл-тірек жүйесі бұзылған жандарға көмектесуге бағытталған жоба да бар, мұнда жастар арнайы төсек пен жүруге арналған қимыл ұқсатқышы, әйелдердің ұрпақ жаңғырту денсаулығына байланысты мәселелерді шешуге арналған инновациялық платформа және т.т. бар. Барлық жоба сарапшы қазылардан жоғары баға алды.
IMG_1404Екінші кезеңнің әр күні терең ой-толғаулармен және  жобамен жұмыс жасаудан бөлек, дәстүрлі түрде, лагерь қатысушыларына атақты спикерлер келіп, ынталандыратын сөздер айтып, кездесулер өткізді.
Олардың қатарында қазақстандық танымал альпинист, ҚР альпинистер құрамасының капитаны, альпинизм спорты бойынша ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, жоғары деңгейлі альпинизм бойынша ҚР біріншілігінің бірнеше дүркін чемпионы, әрі жүлдегері Мақсұт Жұмаев; кәсіпкер, Қазақстандағы ең ірі таксопарктердің бірінің негізін қалаушы Тимур Хұдайбергенов, Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткері, Нұр-Cұлтандағы Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы комитеті төрағасы Әлихан Бәйменов бар.
Маусымның салтанатты жабылуына ҚР Білім және Ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова қатысты. Ол қатысушылардың барлық жобасына жақсы баға беріп, «Зерен-2019» лагерінің ұйымдастырылуы мен дайындығы жоғары деңгейде екенін атап өтті.
«Осында болып жатқанның бәрін көріп  шын жүректен қуаныштымын. «Зерен-2019» лагері – бұл қазірдің өзінде өміріміздегі көптеген мәселелерді шешудің ерекше жолдарын ұсынатын жас ақылдардың квинтэссенциясы. Барлығыңыздың табысты кәсіпкер болып, өз идеяларыңызды жүзеге асыруларыңызды және оларды Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге көрсетулеріңізді, әрі қолдануларыңызды тілеймін», – деді Фатима Надырқызы.

IMG_1289Білім беру лагерінің екінші маусымының жеңімпаздары:

«Эко бахилы Zeren» жобасымен UPGRADE командасы. Кем дегенде 350 рет пайдалануға болатын биологиялық ыдырайтын материалдан эко-бахил тігу.

Q4 командасы «Тақымды тұлға»жобасымен. Ұлттық ат оқу орталығының ашылуы.

Arasan командасы «Aiel Baqyty» жобасымен. Әйелдердің репродуктивті денсаулығына байланысты барлық проблемаларды шешу үшін инновациялық платформа құру.

Демеу командасы «Демеу» жобасымен. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тегін оқу курсы және тұрақты жұмысқа орналастыру

«Агро-М» жобасымен Ұмтылу командасы. Халва, май, косметика жасауға болатын сафлор өсіру, химия мен тыңайтқыштарды пайдалануға шығынсыз жануарларға арналған «тірі» азық.

Әр команда 1 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды, ал жалпы жүлде қоры 5 млн. теңгені құрады.
Сондай-ақ, бизнес-періштелердің «Хака» командасы мен «Trend Team» командасына 2 млн. теңге табыс етілді.

«Зерен-2019» республикалық танымдық жастар жазғы лагері ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып, Қазақстанда Жастар жылын өткізу бойынша Жол картасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқанын естеріңізге саламыз. Лагерьдің мақсаты – нақты іске асатын, орнықты, әлеуметтік бағыттағы бизнес жобаларды Қазақстанның барлық өңірінде ашу. «Зерен-2019» жастардың өзін өзі көрсетуіне көмектесіп, жастардың, соның ішінде ауыл жастарының экономикалық және әлеуметтік сатыларға қол жеткізуіне көмектесу үшін ашылған.
Қазақстан мен басқа да елдердің 18-29 жас аралығындағы кез келген азаматы Zeren Camp жобасына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Лагерьдің мерзімі үш маусымға бөлінген. Әр маусымға 200 қатысушы іріктелген. Лагерьде тұру және білім алу шығынын ұйымдастырушылар көтереді. Бірінші ауысым 3–11 шілде аралығында, екінші ауысым 13–21 шілдеде өтті; үшінші ауысым 23–31 шілде аралығында өтеді. Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефондарға хабарласуға болады: 8 (7172) 76 98 56, +7 701 333 71 80,                                                               e-mail: media@askredpoint.com
Анықтама:
«Зерен» республикалық жастар жазғы лагерінің бағдарламасы дарынды жастардың бойында нағыз кәсіпкердің, азаматтық белсенді тұлға мен көшбасшының құндылықтарын қалыптастыруға және жетілдіруге бағытталған. Бағдарлама қорытындысы бойынша, нақты жүзеге асатын кәсіпкерлік бизнес-жобаларды Қазақстанның барлық өңірінде іске қосу жоспарлануда. Болжалды нәтиже – жаңа азаматтық бастамаларды ашу арқылы ауыл және қала жастарының дамуына серпін беру. 
Сайт: https://zerencamp.kz/

Пікір жазу