Басты бет » Жүдеу ой » Заңгер Абзал ҚҰСПАН: «Басынушылық әрекеттер қашан тиылмақ?»

Заңгер Абзал ҚҰСПАН: «Басынушылық әрекеттер қашан тиылмақ?»

Елімізде мемлекеттік тілдің мәселесі әлі күнге шешімін таппай, өткір тұрған мәселелердің ең басында тұр. Қоғам белсенділері қаншама айтып та, жазып та мәселе етіп көтеруде. Алайда нәтиже шамалы. Орыс тілімен күресіп, қазақ тілін алдыға шығарамыз, мемлекеттік тіл деңгейіне көтереміз деп жүргенде енді қытай тілі қылаң бере бастағаны жақсылық емес. Бұған дейін «Халық банкі» банкоматтарында қытай тілі енгізілгенін естіп, жаға ұстасақ, тағы бір мәселе алдан шықты.

Елордамыз Астана қаласында салынып жатырған құрылыс алаңында ілінген нұсқаулықтардың барлығы тек орыс және қытай тілдерінде жазылыпты. Қазақ тілінде бір де бір жазбаның жоқтығын айтқан белгілі заңгер Абзал Құспан: «Астана қай елдің астанасы немесе Бас қаламыз Астанадағы қазақ тілінің жәйі. Бұл жерде, «Тіл туралы» ҚР Заңының 19, 21 бабының талаптары өрескел бұзылғандығы туралы айтудың қажеттілігі жоқ та шығар. Әрине, бұл мәселе де жақында шешімін табатын болады, өйткені заң біздің жақта, бірақ шетелдіктер тарапынан осындай басынушылық әрекеттер қашан тиылмақ?» – деп өз жанайқайын білдірген.

Screenshot_2018-09-28-16-46-12

Screenshot_2018-09-28-16-48-13

Screenshot_2018-09-28-16-48-57

Суреттер видеодан алынды

Ал тіл мәселесімен айналысатын құзырлы органдардың осындай жағдайларды қадағаламай ортығандығын да сынап, өз пікірін білдірді.

«Осы біздің елде Тіл комитеті, оның жергілікті департаменттері не үшін құрылған өзі? Қашан көрсек, тіл мәселесін қазақтілді журналистер мен қоғам белсенділері көтеріп жүреді, ендеше бізге осындай шарасыз, Тіл комитеті сияқты формальды құрыла салған мекемелер неге керек? Сұрақ көп, жауап жоқ!» – дейді А. Құспан.

Пікір жазу