Басты бет » Тіршілік ырғағы » ІС БАСТАУШЫ БІЛУІ ТИІС 2 ҚАҒИДА

ІС БАСТАУШЫ БІЛУІ ТИІС 2 ҚАҒИДА

Асыл арна

Көп адамның шаруасын дөңгелетіп, белгілі бір кәсіппен айналысуына кедергі келтіретін нәрсе – тәуекелдің аздығы.

Халықтың санасына сіңіп, әбден қалыптасып қалған мынадай стереотиптер бар:
1) Уақытым өтіп кетті;
2) Бұл кез келген адам жасайтын нәрсе емес;
3) Қарызға батып қаламын;
4) Қорқамын;
5) Біз істейтін нәрсені басқа ел істеп қойған.
Міне, осындай кертартпа ойлар көп адамның бастамай жатып кейін шегінуіне түрткі болады.
Ал отбасымды асыраймын, нәпақа тауып, елге пайдамды тигіземін деген азамат мына 2 жайтты жадында ұстауы тиіс:
♦ Әр адамның несібесі, ең алдымен, Алланың қолында. Ешбір адам Алланың қалауынсыз өзінің пысықтығымен, я қабілет-дарынымен алға озып кетпейді. Сондықтан іс бастаған адам өзіне ғана сеніп кетпей, «Иә, Құдіретті Алла! Міне, мен қолымнан келген әрекетті жасадым, ендігі нәтиже Сенің қолыңда, Сен сәттілік берсең, ісім оңға баспақ» деп, ісін Аллаға тапсыруы, тәуекел етуі тиіс.
«…Ал кім Аллаға жүгініп, Оған ісін тапсырса (тәуекел етсе), Ол оған жеткілікті. Ақиқатында, Алла – ісін соңына жеткізуші…» («Талақ» сүресі, 3-аят).
♦ «Маңдайы терлемегеннің қазаны қайнамайды», – дегендей, екі алақанын жайып, Алладан сұраған соң, қарап отырмай, әрекет етуі, талпынуы керек.
Міне, осы екеуінің басын қосып, қатар алып жүре алған адам ғана белгілі бір нәтижеге жетпек.

«Асыл арна»

 

Пікір жазу