Басты бет » Жаңалықтар » Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарында

Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарында

Астана және Алматы қалалары Global Cities Index 2026 рейтингінде жоғары нәтиже көрсетті. 

Oxford Economics сарапшылары әзірлеген Global Cities Index 2026 рейтингі әлемнің 1000 қаласы бойынша жүргізілген. Солардың арасында Қазақстанның қос мегаполисі – Алматы 265-орын, ал Астана 281-орын еншілеген. Осылайша, Астана мен Алматы Орталық Азияда сөзсіз көш бастады.

Ал адами капитал көрсеткіші бойынша Алматы – 66-орында, Астана – 98-орында.

Әлемдік рейтингте Нью-Йорк көш бастаса, одан кейін Лондон мен Париж орналасқан.