Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың волонтерлік қозғалысты дамыту және қолдау жөніндегі тапсырмасына сәйкес «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау жариялады.

Жыл сайын табысталатын халықаралық сыйлық қоғам игілігі үшін қызмет етіп, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге үлес қосқан волонтерлер мен волонтерлік топтарды, қазақстандық және халықаралық волонтерлік ұйымдарды ынталандыруды көздейді.
Сыйлық 15 номинация бойынша беріледі:
• «Үздік волонтерлік ұйым»;
• «Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы»;
• «Тұрақты даму мақсатының көшбасшылары»;
• «Үздік әлеуметтік көмекші»;
«Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін»;
• «Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін»;
• «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін»;
• «Денсаулық сақтау саласын дамытуға белсенді қатысқаны үшін»;
• «Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін»;
• «Білімді әйгілеудегі үлесі үшін»;
• «Қоршаған ортаны сақтау және қорғау үшін қосқан үлесі үшін»;
• «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін»;
• «Тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін»;
• «Жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін»;
• «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін».
Әр үміткер сыйлықтың бір ғана номинациясына қатыса алады.
Құжаттар 2026 жылғы 7-27 қыркүйек аралығында https://qazvolunteer.kz/kk арқылы қабылданады.
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру тәртібі мен байқау талаптары туралы толық ақпарат https://qazvolunteer.kz/kk және http://www.adilet.kz/ сайттарында жарияланды.
Қосымша ақпаратты +7 (7172) 74-12-86, 74-03-11 нөмірлері бойынша алуға болады.
Jastar janary Ұлттық, қоғамдық-мәдени ақпараттық порталы