Софья САМОДЕЛКИНА: Қазақ тілін тез меңгеремін деп ойлаймын
Жаңалықтар
29.04.2026
7 рет оқылды
Фото: zakon.kz
«Бұл – елге деген құрмет!» деп жазды белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов. Оның жазуынша, Қазақстан азаматтығын алған мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина қазақ тілін үйреніп, мемлекеттік тілде сұхбат бергісі келетінін айтқан.
«Әрине, қазақ тілін үйренгім келеді. Бұған дейін де талпынып көрдім, бірақ ол кезде мұғалім болмады, өз бетімше үйрену қиынға соқты. Қазір көбіне ағылшын тілді ортада жүргендіктен, екі тілді қатар алып жүру оңай емес. Дегенмен Қазақстанға келген сайын қазақша қарапайым сөздерді айтуға тырысамын: амандасу, алғыс айту, тұрмыстық сұрақтар қою.
Қазақ тілін үйрену жоспарымда бар. Тілді тез меңгеремін деп ойлаймын, тек жақсы ұстаз табу керек. Қазақстанда екі негізгі тіл болғанымен, қазақша ең болмаса базалық деңгейде сөйлегім келеді. Бұл – елге деген құрмет әрі бір күні жарыстан кейін қазақ тілінде сұхбат беру мен үшін үлкен қуаныш болар еді», – деді Софья Самоделкина берген сұхбатында.
2026-04-29